Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


22.06.2015

Хатип Миннегулов: Мен қазақ дүниесіне Рымғали арқылы келдім

Академик, Қазан федеральді университетінің профессоры Хатип Миннегулов, Түркиядағы Мугла университетінің профессоры Али Аббас Чынар және ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазин бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бұл ғалымдардың елімізге келудегі мақсаты – қазақтың ардақты ғалымдарының бірі, академик Рымғали Нұрғалиұлының 75 жылдық мерейтойына орай халықаралық конференция өтті. Сол конференцияда осы екі ғалым ағамыз баяндама жасады. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, академик Сейіт Қасқабасов ағамыздың шақыртуымен елімізге келген ғалымдар оқу орынымен байланыс орнатып жатыр»,-деді Серікзат Дүйсенғазин. «Рымғали Нұрғалиұлын мен студент кезімнен білемін. Ол уақытта студенттер конференциясы өтетін. Кезінде татардың Ғалымжан Ибрагимов деген үлкен ақыны болған. Кезінде Мағжанға, Бейімбеттерге сабақ берген. Рымғали Нұрғалиұлы сол кісі туралы жазған. Таныстығымыз содан бері жалғасып келеді. Мен қазақ дүниесіне осы Рымғали арқылы келдім. Ол – үлкен ғалым, еңбектері қазірде де маңызын жойған жоқ. Ал, бүгінде Сейіт Қасқабасовпен тығыз байланыстамыз»,-дейді Хатип Миннегулов. Ал, Рымғали Нұрғалиұлының қазақ әдебиетіне, әлем әдебиетіне қосқан үлесіне тоқталған Али Аббас Чынар: «Рымғали Нұрғалиевпен 1992 жылы таныстық. Сол жылдары бір топ қазақ зиялылары Түркияға келген еді. Сонда Мұхтар Мағауин, Қойшығара Салғараұлы үшеуі бізге бір апта сабақ берді, конференция өткізілді. Ол кісі елдеріміз арасындағы қарым-қатынасқа байланысты көп жұмыстар атқарды. Түркияда бірнеше романның жарыққа шығуына көмектесті.


Источник:  http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/portal/page_85531_khatip-minnegulov-men-kazak-dyniesine-rymhali-arkyly-k

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 11:32 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/37332/index.php?print=Y