Тараздық делегация республикалық конференцияға қатысты
Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға өткен болатын,-деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің ресми сайты.
Бұрын-соңды ғылымда түрен салынбаған тың тақырыпты талқылауға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мұрындық болып, еліміздің барлық облыстарынан жүзден аса нәзік жандылар жиналды. Жамбыл облысынан жоғарыда аталған комиссияның хатшысы Айман Каримова бастаған делегация құрамында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиева, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мүбарак Жинақбаева, облыстық филармония директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Жанпейісова және Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мырза-Ғали қатысты. Оқу ордасының бас ғимаратында конференция қатысушылары алдымен суретші Аңсаған Мұстафаның «Қазақ хандығы: Тұғырлы тұлғалар» тақырыбындағы көрмесін тамашалады. Пленарлық отырыста құттықтау сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар – қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білгенін айтып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым екенін еске салды. Зиялы қауымға қарата сөйлеген сөзінде
Источник: http://zhambylnews.kz/news/oblast/1865-tarazdy-delegaciya-respublikaly-konferenciyaa-atysty.html