Еуразия ұлттық университеті ерледі
Елімізде VІІІ рет жалауын көтеріп отырған байрақты бәсекеде респубикадағы барлық ЖОО-ның спортшы студенттері бақ сынасты. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бұл кезекті универсиадаға республика бойынша 92 команда қатысты.
Осыған дейін жазғы универсиада оңтүстік өңірлерде (Алматы, Шымкент, Тараз) өткізіліп келгенеді. Биыл тұңғыш рет солтүстік өңірде өткізіліп, ел ордасы Астананың мерейін тағы бір асқақтата түсті. Жалпы, универсиада – Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық ғылыми-практикалық орталығының дене тәрбиесі бөлімі ұйымдастыратын ең ірі кешенді спорттық шаралардың бірі.
Универсиаданың басты мақсаты – спортты насихаттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, саламатты өмір салтын қалыптастырып, дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту, отан сүйгіштікке тәрбиелеп, әлемдік универсиада мен олимпиадалық ойындарда өнеркөрсететін жас та талантты спортшыларды іріктеу және дайындау. Сондай-ақ білім алушы жастардың денсаулығын нығайтуға арналған дене шынықтыру және спорт жүйесінда мытуды көздейді. Бұл бастама жастарды спортпен айналысуға, саламатты өмір салтынұстануға баулиды.
Источник: http://namys.kz/janaliktar/?p=1055