Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


18.09.2015

ИИДМБ: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғарыш саласының мамандарын даярлауда

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында ең басты басымдықтардың бірі – кадр дайындау. Қазір жаңа өнімдердің пайда болуы туралы ғана емес, өндірістің жаңа салаларын құру туралы айтылып жатыр. Индустрияландыру бағдарламасына өзгерістер енгізген кезде бағыт өзгерді, қазір нақты салаларды қолдау мен Қазақстанда еңбек капиталын қолдау қарастырылып отыр», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Ол атап өткендей, алғашқы 10 колледж бен 10 ЖОО инвестициялық жобаларға қатысты мамандарды дайындайтын болады.

Сондай-ақ, білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев айтып өткендей. ЕҰУ ИИДМБ аясында кадр дайындаудың 10 университетінің тізімінде тұр.

Оның айтуынша, бағдарламалар әзірленді, 1 қыркүйектен бастап, ағылшын тілінде білім беру басталды. Бір жарым жылдан кейін ИИДМБ нысандарында жұмыс істейтін болады, оның ішінде Қазғарыш та бар.


Источник:  http://strategy2050.kz/news/26162/

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 18:52 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/38570/index.php?print=Y