Дайджесттер

Тамыз айына арналған дайджест

Шілде айына арналған дайджест


25.09.2015

Жемқорлық тақырыбында «Жаңару» РҚБ өкілдерімен кездесу өтті

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Нұр» филиалы «Жаңару» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті № 3 жатақханасында бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу тақырыбы жемқорлықтың алдын-алу және жемқорлықпен күресу формасы болды.

Шараға «Жаңару» РҚБ Астана қалалық филиалының директоры, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері Дәулеткерей Рахметтуллин қатысып, студенттерге біраз ақпарат берді.

Шараға «Нұр» филиалы Төрайымының бірінші орынбасары Асхат Оралов модераторлық етіп, еркін форматтағы кездесуді жүргізіп отырды.

Кездесу барысы еркін форматта өтіп, жастар өздерін мазалаған сауалдарына қонақтардан жауап алып, алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы алдын – алу шараларына белсенді түрде қатысатындықтарын жеткізді.


Источник:  http://nurotan.kz/kz/news/12033

Возврат к списку



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 07.04.2020 / 06:03 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/daidjest/38704/index.php?print=Y