Ұлттық ұлан қызметкерлері «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты байқауда бақ сынады
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының елордалық бригадасындағы өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты байқаудың ақтық сайысы өтті. Оған Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарында ұйымдастырылған кезеңдерінде жеңіске жеткен 7 әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz.
Бұл байқау Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері арасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай жыл сайын өткізіледі. Сайыс негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші іріктеу кезеңі – рота-батальондар арасында, екінші кезең – өңірлік қолбасшылықтарда, ал үшінші кезең – республикалық деңгейде өтті.
Источник: http://www.bnews.kz/kk/news/post/295329/