БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
Тек рейтингті көздейтін отандық телеарналар жаңалықтарын жағымсыз оқиғалардан бастап, зорлық-зомбылықты насихаттауды доғаруы керек. Ол қоғамда үрей тудырады. Бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында осындай мәселе көтерілді. Сол сияқты саны бар да, сапасы жоқ ойын-сауық жанрына негізделген бағдарламалардың орнына танымдық, тәрбиелік мәні бар хабарларды көрсету қажеттігі де айтылды. Енді алдағы уақытта да осы тектес қоғамдық-саяси өзекті мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру үшін «Нұр Отан» партиясында арнайы кеңес құрылып отыр.
Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/97157-ash-y-otyrysy-tti