«Алтай мұралары» халықаралық автоэкспедициясы жолға шықты
Ауқымды шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Ғалымдар, жазушылар, этнограф-тарихшылар мен өнер және қоғам қайраткерлерінен жасақталған экспедиция құрамында 25 адам бар. 12 күн сапар шегетін топ мүшелері 4 мың 500 шақырымды еңсеріп, еліміздің солтүстік, шығыс өңірлері мен Ресейдің Алтай аймағындағы елді мекендерді аралап шығады. Сапар барысында жинақталған материалдар негізінде деректі фильм түсіріліп, фотокөрме өткізу жоспарда бар.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/57839-altaj-m-ralary-khaly-araly-avtoekspeditsiyasy-zhol-a-shy-ty