Сақтардың алтын бұйымдары табылды
Ақмола облысында сақ кезеңінің сирек кездесетін заттары табылды. Кеңөткел ауылы маңында жүргізген қазба жұмыстары кезінде археологтар тағы бір тарихи олжаға тап болды. Осы жолы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері жер астынан жасөспірім қыздың сүйегін аршып шығарды. Оның жанында алтын бұйымдар болған. Біздің дәуірімізге дейінгі 7- ғасырдың керамикалық заттары да сол орыннан табылыпты.
Источник: http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_163026_