Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі-2016
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін ұсынады.
Бүгінгі күні ЖОО және білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі біздің күнделікті өмірімізге толық енді.
Білім беру саласындағы рейтинг сапасына қазіргі таңда қойылатын талаптар өсуде, өйткені университеттердің рейтингі талапкерлердің ЖОО таңдауына ықпал жасайтын басты фактор болып отыр. Сондықтан рейтинг осы замандағы үлкен ақпараттық, соның ішінде жарнамалық бағытта, жастарға өз таңдауын дұрыс қалап алуға көмектеседі деп санаймыз.
Источник: https://egemen.kz/2016/07/12/50861