СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!

БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ

8 (7172) 709 548 (вн.: 13118, 13116).
Рахманова Ләйлә: 8 702 3636 005.
Тукібаев Базарбек: 8 702 426 04 17.
e-mail: rahmanova_lr@enu.kz.


Базарбек ТУКІБАЕВ,
журналист

Жұмыс жөнінде:

Баспасөз қызметі - ақпарат айдыны... Ақпарат айдынында жағымды жаңалықтар толы болып, ақудай жүзсе деймін... Жүзсе дейтінім, ақпараттың обалына қалғым келмейді.


Ләйлә РАХМАНОВА,
журналист

Мен туралы:

- Еңбек нарығында сұранысқа иемін. Бұл өте маңызды. Бейне материалдардағы жасаған Standup-тар ойдағыдай шығуда. Дегенменде, өмір бойы оқып, кез келген тақырыпты меңгере білу қажет. Өткенге көз жүгіртуге уақыт жоқ. Енді түсіндім, журналист болу – бұл күнделікті еңбекті қажет ететін мамандық. Бірақ - өте қызықты. Құжат айналымды да білген жөн.   


Ербол  
фотосуретші

Қас қағым сәт жөнінде:

- Біздің мамандықтағы басты мақсат – қайталанбас сәттерді бір ғана объективке сыйдыру. Өткен мезеттің қайталанбайтындығы, өткенді ұстауға болмайтындығы бәрімізге мәлім. Өткен мезеттер естен кеткенмен, суреттер қалар. Мarc Riboud суреттері таң қалдырады, жандандырады, есте сақтауды талап етеді - бұл сол есте қалар мезеттер.


Марат Жомартов - операторМарат ЖОМАРТОВ,
бейнеоператор

Уақыт жөнінде:

- Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан айтып отырғанымыз жаңалық емес. Дегенменде, кәдуілгі кадр болса да сөздердің сыңғыры, дененің бұрылысы. «Шіркін, көздер мұңға толы, шіркін, көздер қуанышқа толы, шіркін, көздер құмарлылыққа ынтызар!». Олардан өткенді, бүгінді, болашақты көруге болады. Осы уақыт, осы мезет......


Еркежан САДУАҚАСОВА,
жетекші

Баспасөз қызметі жөнінде:

- Баспасөз қызметіндегі жұмыс толыққанды болуы үшін, қызмет бабы бойынша жолықтыратын адамдарға, жұмысқа үйреніп қана қоймай құрмет пен өзара түсінушілік негізінде құрылған журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарымен бір арнада болу қажет.                                   



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 12:48 ): www.enu.kz/baspasoz-kyzmety/sizben-birge/index.php?print=Y