Ректор аппараты

МАЙҚАНОВ АНУАР САПАРҒАЛИҰЛЫ
аппарат жетекшісі

010008 Астана қ., Сатпаев көш., 2, оқу-әкімшілік ғимараты,



Дүйсенбі-жұма 9:00-18:00 (түскі үзіліс: 13:00-14:00)

Ректор аппараты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ректор аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық санын ректор бекітеді.

Ректор аппаратының негізгі функциялары:

- Университеттің бірыңғай оқу-өндірістік кешен ретіндегі ішкі қызмет тәртібін қамтамасыз ету және іс жүргізу және ұйымдастыру жұмыстары мәселелері бойынша университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жалпы үйлестіруді жүзеге асыру.

- Бақылаудағы құжаттардың сапалы орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету, осы мәселелер бойынша Министрліктің және басқа да мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру-бақылау қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау.

- Құжаттамалық және бақылау-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

Ректор аппаратының құрылымына келесі бөлімдер кіреді:

- заң қызметі бөлімі,

- қызметкерлерді басқару бөлімі,

- құжат айналымы және бақылау бөлімі,

- ұйымдастыру жұмысы бөлімі,

- арнайы құжаттармен жұмыс жөніндегі бөлім,

- ведомстволық мұрағат,

- баспасөз қызметі

- HR-бөлімі.

Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен Ректор аппаратының бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және университеттің нормативтік актілерімен анықталады.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 30.05.2020 / 15:07 ): www.enu.kz/contacts/akimshilik-bolimsheler/rektor-apparaty/index.php?print=Y