Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Жазу тарихы мұражайы ғылым, оқу ісіне жәрдем беретін және мәдени-ағартушылық бөлімше болып табылады.
2003 жылдың 18 қыркүйегінде мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ұлттық университеттегі түркі жазуы тарихы мұражайының негізгі мақсаты жазу тарихын зерделеуге бағдарланған. Одан басқа мұражай оқу-әдістемелік бағытты да ұстанады. Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары болып табылады.
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан - даниялық ғалым Вильгельм Томсен. (1893 жылы). Кейін оны орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған ХХ ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан елдерінің зерттеушілері қосылды. Кейде "руна жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсеннің ең алғаш рет оқыған сөздері "түрк" және "теңрі" екен.
Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған, бұл жазу мұсылман дінінің таралуымен бірге келген. Араб жазуын түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған.
Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы А. Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1926 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел алып келеді.
Елтеріс Құтлұғ қағанның бас мүсіні. Б.з. 693 ж.
В.Томсеннің ескерткіш бюсті
Қыш кірпіштегі жазу. Қаңлы дәуірі Б.з.б.II ғасыр – б.з. I-IV Күлтөбе қалашығы. Оңт. Қазақстан, Арыс өзені. 1998 ж. Күлтөбе қалашығынан табылған.
Ахмет Байтұрсынов