«Webometrics»ЖОО веб-сайттарының әлемдік рейтингісі

«Webometrics Ranking of World Universities» (Вебометрикс) университеттік веб-сайттардың рейтингісі Интернет желісіндегі білім және ғылым қызметтерін оқытумен айналысатын Испанияның "Laboratorio de Internet" зерттеу тобы тарапынан жүргізіледі. Webometrics университеттердің ғылыми-білім қызметін талдамайды, жалпы алғанда Интернет кеңістігіндегі ЖОО-ның орнын анықтайды. Webometrics рейтингісі Интернет-сайттарды салыстыра отырып, жанама үлгіде ғана университеттің ғылыми-зерттеу жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте онлайн түріндегі жарияланымдар қағаз жүзіндегі жарияланымдарға қарағанда әлдеқайда тиімдірек және әлеуеті жоғары аудиторияға ие, еліміздің және де шетелде ғылыми, коммерциялық, саяси және мәдени ұйымдардың ЖОО жайлы мәліметтерге қол жеткізулеріне қолжетімді.

Webometrics рейтингісі әзірлеушісінің пайымдауынша, ЖОО-ның жеке сайтының болуы баспа жұмыстарымен салыстырғанда оқытушылар мен зерттеушілердің ғылыми жұмыстарын жариялау үдерісін жеңілдетеді, бұл орайда университет бағыты мен кәсіби қызметі жайлы түсінік береді.

2012 жылдың шілде айының нәтижесінде рейтинг бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.

2013 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 21 000-нан астам оқу және ғылыми мекемелердің арасынан 2 304-ші орынға табан тіреді. 2013 жылдың шілдесінде Еуразия ұлттық университеті 4 006-шы орынды иеленді.

Webometrics халықаралық рейтингісіне Еуразия ұлттық университеті сайтының қатысу динамикасы келесі кестеде көрсетілген:

Динамика участия сайта Евразийского национального университета в международном рейтинге Webometrics www.enu.kz

 «Webometrics Ranking of World Universities» рейтингісі туралы толығырақ мәліметті мына сайт арқылы http://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan біле аласыздар.

«Webometrics Ranking of World Universities» рейтингісінің әдістемесі 



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 26.05.2020 / 16:38 ): www.enu.kz/damu/reitingi/webometrics/index.php?print=Y