Қазақстан Республикасы
жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі
Кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту мәселелері бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру, оқу процесін, ғылыми жұмысты, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша оң тәжірибені жалпылау және тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, елімізді білікті мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын әлеуметтік қолдау мен мүшелерін қорғау мақсатында құрылған.
Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
1) оқу процесін одан әрі жетілдіруге, ғылымды дамытуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған жоғары білімнің жалпы тәсілдері мен саясатын айқындау үшін ұсынымдар жасау;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
3) экономиканың қажеттіліктерін, еңбек ресурстарының болуын және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандықтарды және дайындық бағыттарын ұтымды орналастырудыескеріп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
4) студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығына жәрдемдесу, мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер саласында жоғары оқу орындар мен ғылыми мекемелерді біріктіруді дамыту;
5) студенттердің практикалық дайындығы, ЖОО түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен байланыстарын нығайту;
6) кәсіптік бағдарлану және дарынды жастармен жұмыс жасау бойынша ЖОО-лардың қызметін үйлестіру;
7) ЖОО-лардың дамуы, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың, оқытушылардың және ЖОО-лардың басқа қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу;
8) жоғары оқу орындарының тікелей халықаралық байланыстарын күшейту мен дамуына жәрдемдесу;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне қатысты нормативтік актілердің жобаларына сараптама жасау;
10) салалық академиялармен, жоғары оқу орындарының қауымдастықтарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, кәсіптік одақтармен, қорлармен өзара әрекеттесу;
11) жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшы қызметкерлерінің басқа да санаттарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға жәрдемдесу;
12) жоғары мектеп қызметінің мәселелері бойынша мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға консультациялық және ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.
Ректорлар кеңесінің құрамы (2019 ж.)
2019 ж.:
«Қазақстан-Литва ғылыми әріптестігі халықаралық рейтингтерде даму стратегиясы ретінде» тақырыбындағы Қазақстан ЖОО ректорлары кеңесінің көшпелі мәжілісі (14-15.10.2019 ж.)
Әл-Фраби атындағы ҚазҰУ базасындағы Қазақстанның ректорлар кеңесінің отырысы (2019 ж. 24 мамыр)
"Кәсіпкерлік жоғары оқу орындары: ғылым, инновация, білім және бизнес" тақырыбындағы Қазақстан ЖОО ректорлар кеңесінің отырысы (19 сәуір 2019 ж.)
ЕҰУ базасындағы Қазақстанның ректорлар кеңесінің отырысы (15 ақпан 2019 ж.)
2018 ж.:
2018 жылға арналған ҚР жоғары оқу орындарының Ректорлар кеңесінің жұмыс жоспары
Қазақстан Республикасының ЖОО ректорлар кеңесі мүшелерінің Италияға сапары (13-20 желтоқсан 2018 ж., Рим, Генуя, Милан қ.)
"Жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету: тұжырымдамалық мәселелер мен стратегиялар" ҚР ЖОО ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы (27 қараша, 2018 ж. Шымкент қ.)
«Жоғары білім беру сапасы – бәсекеге қабілеттілік негізі» атты Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы (4-5 қазан 2018 жыл, Алматы қ.)
"Жоғары оқу орындарының академиялық, әкімшілік және қаржы автономиясы" Халықаралық семинар фотогалереясы
Қазақстан-Америка ЖОО-ларының ІІ форум бағдарламасы (29-31 мамыр 2018 ж.)
2017 ж.:
№4 Ректор кеңесі отырысының фотогалереясы
2016 ж:
2015 ж.:
№1 Ректор кеңесі отырысының фотогалереясы (от 24.08.2015 ж.)
№3 Ректор кеңесі отырысының фотогалереясы (от 24.08.2015 ж.)
2015 ж. 3-5 қараша аралығы Париждегі франко-қазақстандық ЖОО-лар форумы
Байланыс:
E-mail: srvrk@enu.kz
Тел: +7 (7172) 709500 ішкі. 31-225