Академиялық мәселелер департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Академиялық мәселелер департаментінің негізгі қызметтері:
- кредиттік оқыту технология негізінде университтегі оқу процесін ұйымдастыру және басқару;
- бакалавриат, магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, білім алушылардың пәндерге тіркелулері негізінде әрбір оқу жылына жұмыс-оқу жоспарларын құруды ұйымдастыру және бекітулерін қамтамасыз ету;
- оқу процесін тұрақты түрде дамытып отыру, білім беру қызметі сапасын арттыру;
- оқу процесін жоспарлауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру, университеттің барлық мамандықтары бойынша оқу жылына арналған академиялық күнтізбе жобасының әзірленуі және олардың оқу формаларының жұмыс оқу жоспарларымен сәйкес келуі;
- оқу процесіне қажетті университеттің оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
- оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың және оқу-әдістемелік кешендердің сапалы дайындалуын тексеру және талдау;
- сабақтардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылау: аудиториялық қорға байланысты сабақ кестелерін әзірлеу, белгілі себептерге байланысты сабақ кестелеріне өзгерістер ендіру және сабақтардың өткізілуін тексеру;
- университеттің жалпы оқу жүктемесінің көлемін есептеу, кафедралар бойынша оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша персоналдың штаттық кестесін құру, сағаттық төлем қорын есептеу және жоспарлау;
- жетекшілер мен рецензенттердің тағайындалуының және студенттердің дипломдық жұмыстары (жоба) тақырыптарын бекіту туралы бұйрық жобаларын әзірлеу;
- мемлекеттік аттестаттау комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
- оқу жүктемесінің орындалуын бақылау және университет бойынша оқу жүктемесінің орындалған жалпы көлемін есептеу;
- мамандықтар бойынша практика базаларын қалыптастыру;
- білім алушылардың практикадан өтуіне және әрі қарай жұмысқа орналасуына қажетті ұйымдар мен мекемелерімен келісімшартқа отыру;
- университет түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді жинақтау;
- университет мамандықтары бойынша кәсіптік бейімделуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
Академиялық мәселелер департаментінің құрамына 3 бөлім кіреді:
Мониторинг және оқу процесін ұйымдастыру бөлімі
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімі
Жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі