Әлеуметтік-мәдени жұмыстар жөніндегі бөлім

Өмірзақова Қалдыгүл Ташайқызы
Бөлім бастығы

010008 Астана қаласы, Сатпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, 304 каб.

ішкі.31192

Дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығы)

Әлеуметтік-мәдени жұмыс бөлімі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытын ұйымдастыратын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін жоғарғы оқу орнындағы бөлімдер мен қоғамдық құрылымдардың қызметін басқару және жүйелеу жұмысымен айналысады.

Әлеуметтік-мәдени жұмыс бөлімі ұйымдастыру, бақылау, жүйелеу, жобалау, әдістеу, ақпараттандыру қызметін атқарады. Студенттер клубы мен студенттер газетінің жұмысын үйлестіреді, университеттегі қоғамдық құрылымдарға жетекшілік етеді.

Бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясаты» туралы Заңына сәйкес университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мынадай негізгі міндеттерді орындайды:

тұлғаның әлеуметтік, мәдени, рухани-адамгершілік және физикалық дамуына ықпал ету үшін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу (патриоттық, мәдени-бұқаралық, демалыс және спорт шаралары), жастарды білім, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт инновациялық технологиялар саласына жұмылдыру және оларға патриоттық тәрбие беру, өз өмір жолын таңдау үшін жас азаматтарға құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларына (жобаларына) қолдау көрсету,

жас азаматтардың қоғамдық қызметке қатысуына және әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау, жастар ұйымдарын құруға және қызметтеріне ықпал ету; әлеуметтік маңызды бастамалардағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін жүзеге асыру; жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуына ұйытқы болу; жас азаматтардың жас ерекшеліктері мен ұлтына қарай алалануына жол бермеу, оқытушылар мен студенттердің оқу және еңбек қызметін ынталандыруда мәдени-тәрбиелік факторларды қолдану;

әр оқытушы мен студенттің оқу және еңбек әлеуетін барынша дамыту және қолдану мақсатында мәдени‑шығармашылық белсенділікті арттыру; университет қызметкерлері мен студенттерді мемлекеттік және өзге де мерекелерге арналған іс-шаралараға жұмылдыру; Нашақорлық пен өзге де құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс- шаралар ұйымдастыру және өткізу; жастардың көшбасшыларымен мақсатты жұмыс жүргізу; студенттердің өзін-өзі басқару органының қызметін құру және бақылау; студенттердің білім алуын ұйымдастыру;

тұрақты түрде жеке тәрбие жұмыстарын өткізу, студенттік ортаның объективті жағдайын зерттеу; жетім және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету.

Студенттерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында университетте Медициналық орталық, №5 СҮ студенттік кинотеатр, спорт үйірмелері жұмыс істейді. Көпбалалы отбасынан шыққан студенттер жол жүру билеттерімен қамтамасыз етіледі. Жетім студенттер мен қамқорлық аясындағы жетімдердің тамақтануына қаржылай қолдау көрсетіледі. Осы санаттағы студенттерге 50 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек беріледі және олар жатақханада тұрғаны үшін төлеуге тиісті төлемақыдан босатылады. Университетте "Бөбек" және "Бота" қоғамдық қорлары негізіндегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Студенттер мен магистранттарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін құрылған "Сенім" кәсіподақ ұйымы шәкіртақы төлеу, жол жүру билеттерін тарату және бір реттік материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді.

Жол жүру билеттерін қалай алуға болады?

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2. Деканаттан анықтама - түпнұсқа.

3. Отбасы құрамы туралы анықтама - түпнұсқа немесе көшірме.

4. Отбасының әр мүшесіне анықтама - түпнұсқа (мектепте немесе университетте оқитын болса).

5. Файл.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 06.04.2020 / 12:57 ): www.enu.kz/enu-turaly/structura/departament-sotsialno-vospitatelnoy-raboty/otdel-socialno-kulturnoi-raboty/index.php?print=Y