Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін ұсынады.
Мұражайдың түпкi мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу,еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату, белсендi азаматтық ұстаным тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату.
Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н. Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының бірінші және екiншi есепке алу жүйесiн реттеу; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; саяхаттар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi, түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен, аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлермен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.