ScienceDirect– әлемнің ең ірі ғылыми зерттеулер жарияланған онлайн жинағы. Ол Elsevier баспасына тиесілі және 10 миллионға жуық мақалалар мен 2 500-ден астам журналдар, 6 000-нан астам электрондық кітаптар, анықтамалар, ғылыми жинақтарды қамтиды. Мақалалар төрт негізгі бөлімге топтастырылған: физика және инженерлік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, медицина ғылымдары, сондай-ақ, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар. Көптеген мақалалардың мазмұндамалары қолжетімді, ал толық мәтінді мақалаларды алу үшін (PDF, HTML, жаңа басылымдарға) жазылу немесе төлеу қажет.