Жетекші
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Аликулов З.А.
Ғылыми зерттеу жұмыстары тотықтырғыштық күйзеліс кезіндегі ферменттер жинақтаушы молибден белсенділігін зерттеумен байланысты, тотықтырғыштық күйзеліс кезіндегі галофиттермен гликофиттердегі бос пролин қалыптасуын, галофит тобының праймингіне молибден әсерін, өсімдіктер алуан түрлілігін қорғау және сақтау, сондай-ақ оның шөлмен күресудегі тиімділігін арттыру.
Эрозия мен тұздану топырақтың құнарсыздануы мен тұқым өсіру қабілетін жояды. Дүние жүзі бойынша 1,5 миллиард гектар жер шөлейттену қаупінде болса, жалпы жер көлемінің 0.33-0.5 бөлігі шөлейттену салдарынан құнарлылығын жоғалтқан. Қазақстандағы Арал теңізі жағалауы мақта мен күрішті аса жоғары мөлшерде суғарудан зардап шегуде. Арал теңізіне құятын тармақтар өте мол суғарудан жартысынан астам мөлшерін жоғалтқан. Ең басты мәселе,топырақтың шөлейттенуі мағынасыз суғару салдарынан және құйылатын сулардың булануы мен судың тартылуынан пайда болады.
Галофитті өсімдіктер қоршаған ортаның күйзелісіне, әсіресе шөлге қарсы зор физиологиялық төзімділікке ие. Сондықтан галофитті өсімдіктерді көбейтіп, оларды тарату топырақты тұздан арылтудағы бірден бір құрал болып табылады.
Қазіргі уақытта іргелі ғылыми жоба бойынша төмендегідей зерттеулер жүріп жатыр:
Клеткалық циклды реттегіштер гендерін, апоптоз және тыныс демікпесі дамуындағы «ниетті гендер»-дің полиморфизімінің мағынасын зерттеу; Өсімдіктердің тұзға төзімділігінің биохимиялық және физиологиялық механизімін зерттеу және топырақтың сортаңдануын тоқтатудың биотехнологиялық әдіс-тәсілдерін жасау; Аллергиялық ауруларды емдеу және диагностикасы үшін наноқұрылымдар жасау. Механизмы регуляции mTOR сигналдік жолдың реттеу механизмдері мен оның канцерогез үрдістеріндегі мәні