Жетекші
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Т. Омаров
Зертхана жұмыстары өсімдіктер мен вирустардың өзара әсеріннің молекулалық негізі саласында қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған. Зертханада генетикалық, молекулалық биологиялық және биохимиялық әдістер кең көлемде қолданылуда. Өсімдіктердің ауру тудырушы организімдермен күйзелтетін факторларға (сор және шөл) төзімділігінің молекулалық механизімін зерттеу; қорғаныстық РНҚ-интерференциясымен оның вирустық супрессорлық ақуыздық зерттеу зертхананың іздену саласының бір бағыты. Өсімдіктердің төзімді линияларын алу үшін өсімдіктер қорғаныс механизмі РНҚ интерференциясын қолдану өсімдіктердің молекулалық биотехнологиясында болашағы бар әдіс-тәсілге жатады. Өсімдіктердің вирусқа төзімділігінің молекулалық механизімін нақты білу вирустық аурулармен күресуде өнімділігі жоғары стратегия жасауға мүмкіндік берерліктей болашағы жарқын.
Патогенезде негізгі рөлді вирустық супрессор ақуызы атқарады. Вирустық супрессор ақуызының құрылымдық ерекшелігі оның RNAi компонентімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. RNAi компоненетінің биохимиялық, молекулалық элементтерін және оның вирустық супрессор ақуызымен әрекеттесуін және RNAiқорғаныстық реакциясын қалыптастыратын ақуыздар сәйкестілігін зерттеу болашақта вирустық аурулармен күресуде өнімділігі жоғары стратегияжасауға мүмкіндік береді.