1. Құрылым туралы:
а) Ғылым-зерттеу институтының (әрі қарай- ҒЗИ) атауы:
К.А. Акишев атындағы ғылыми-зерттеу институты
б) ҒЗИ басшысының толық аты-жөні: Хабдулина М.К., т. ғ. к, доцент
2. ҒЗИ зертханасының атауы және зертхана туралы қысқаша ақпарат: (егер зертхана болса)
К. А. Акишев атындағы ғылыми-зерттеу институтының негізгі теориялық бағыты- дала мәдениетінің мәселелерін зерттеу. Бұл Қазақстандағы тарих ғылымының жаңа тұжырымдамасы..Қола дәуірінің ескерткіштерін ( б.з.д. II ғ. )зерттеу барысында кезеңдік және андрон тарихи-мәдени қауымдастығының пайда болуы мәселелері қарастырылады. Зерттеудегі жаналық- ежелгі шаруашылық жүйесінің табиғи жағдайларын, ландшафтық сыйымдылығын зерттеу. Ерте темір дәуіріне қарасты екі бағыт құрылуда: қоныс-мекендерді зерделеу және ірі қорғандарды зерттеу. Бұл екі бағыт қазіргі көшпенділік тақырыбында өзекті болып саналады. Ортағасырлық тақырып К. А. Акишев атындағы ғылыми-зерттеу институтының жұмысында-Қазақстандағы дала ауданның урбанизация мәселелерін, қала мәдениетінің қалыптасуының факторларын мен механизмдерін, ортағасырлық сәулеттің ерекшелігін зерттеу, ортағасырлық ескерткіштердің этномәдени қатыстылығын анықтау.Сарыарқаның киелі нысандарын зерттеу: жергілікті-аймақтық орталықтарды анықтау, киелі ландшафттардың тарихи-мәдение феномен ретінде пайда болуын зерттеу- жаңа бағыт болып табылады.
3. Қандай құралдармен жабдықталған:УАЗ-390902 23.05.05 Z 661 СBавтокөлігі, Радио басқарудағы квадрокоптерDJI Phantom IV,DigitalCameraCanonEOS 1200, 3Н-3КЛ 30.05.06.нивелирі
4. Ғылыми жетістіктері, әзірленген жұмыстар нәтижелері:
Орындалып жатқан ғылыми- зерттеу жобалары: 2015-2017 жыл аралығында ҚР БҒМ әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша екі жоба орындалды: 1) «Бозоқ археологиялықшағынауданы: әлеуметтік-кеңістік құрылымын қалыптастыру ерекшеліктері мен кезеңдері»; 2)«Шағалалы өзенініңалқапындағы ежелгі мал өсірушілер.Қола дәуіріндегі Солтүстік және Орталық Қазақстан халқының диетасы және азық-түлік рационы».Нәтижесіндеұжымдық монография жарықкөрді. 2018-2020 жылдары «Сарыарқаның киеліландшафттары: генезисі, типологиясы, семантикасы» тақырыбына гранттық қаржыландыру жобасы жүзеге асырылуда.
Практикалық қолдану: жоғару оқу орындары мен орта мектептердің білім беру жүйесінде қолдану; «Отрар кітапханасы» ғимаратының, 102 бөлмесінде К.А. Акишев атындағы музей-бөлмесі жұмыс жасауда; Астананың ежелгі тарихы жайлы ақпарат Астана қаласы әкімшілігінің сайтында ұсынылған; материалы городища Бозоқ қалашығының материалдары ҚР Ұлттық музейінің «Астана тарихы»экспозициясыңашады; Бозоқ қалашығы менШағалалы қонысының мәліметтері Ақмола тарихи-аймақтық музейінің (Көкшетау қаласы) экспозициясындаұсынылған.Археологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша Сәкенов, Д.Т. Тлеугабулов, Г.Д. Биляловаларменүш докторлық диссертация дайындалды..
Зерттеудің ұлттық және халықаралық ауқымда маңыздылығы - Қазақстан мен Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихы туралы жаңа білім алу. Археологиялық материалдар Қазақстан археологиясының көптеген өзекті мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады.
Потенциалды пайдаланушылар, мамандар мен жалпы жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату республикалық және шетелдік ғылыми конференцияларда, семинарларда, сондай-ақ әр түрлі ғылыми және танымал ғылыми басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, ғылыми монография, магистрлік және докторлық диссертациялар жазу арқылы жүзеге асырылады.
5. Халықаралық ынтымақтастық:РҒА Археология институтымен ынтымақтастық туралы келісім ұзартылды, Халықаралық Жерорта теңізі және шығыстану ассоциациясымен , Италия (ISMEO) келісім орнатылды.