Ранк-хилштың арқандық-құйындық көпіршік-атар жылытқыш құбырына негізделген жылыту жүйесін оңтайландыру – интенсивтендіру (АҚ-КЖҚ)

Авторы:

Әубәкір Д.Ә. ф.-м.ғ.к., философия ғ.д., профессор
Е-mail: Аubakir_DA@enu.kz
Тел. 87013677933

Мақсаты:

Елдегі бұрыннан қалыптасқан экстенсивті жылыту жүйесін (ЭЖЖ) оңтайландырылған жаңғырмалы жылыту жүйесімен толықтай ауыстыру,– бұл жаңа жүйе барлық көрсеткіштері жағынан қазіргіден артық болғандықтан біз оны интенсивті жылыту жүйесі (ИЖЖ) деп атадық.

Қысқаша мазмұны:

Бұл жоба шеңберінде жақын болашақта жаңа қызмет түрін көрсететін еншілес өндірістік компания құру көзделіп отыр. Компанияның негізгі өнімі ешбір отынды (көмір, газ, ағаш, мазут т.б.) қажет етпейтін осы күнге дейін қалаларымыз бен ауылдарда қолданылып келе жатқан экологиялық жағынан қоршаған ортаны ластағыш, өртке қауіпті, тіпті адам өміріне де залалды ЭЖЖ орнын толықтай ауыстыратын экологиялық жағынан таза, өртке қауіпсіз және де адам өміріне еш қауіп төндірмейтін ИЖЖ болмақ. Елбасы өз Жолдауларында көптен бері айтып жүрген елдің болашақ экономикасын инновациялық технологияларды кеңірек енгізу нәтижесінде, жеріміздің қойнауынан алынатын кен байлықтарға, яки үнемделуі қажет шикізаттарға тәуелсіз ету – деген үрдістен шығу – біздің басты ұстанымымыз.

Күтілетін нәтиже:

Интенсивті жылыту жүйесі АҚ-КЖҚ қондырғысына негізделгендіктен, осыларды мейлінше жетілдіріп, өндірістік жолмен көптеп өндіру – басты мақсат-меже болмақ. Бүгінгі күнге біздің тәжірибелік қондырғыларда жеткен жетістігіміз: АҚ-КЖҚ ЭТК (энергия түрлендіру көрсеткіші) 1,85 шамаға жақындады, яғни шет елдік әріптестеріміз бен бәсекелестеріміз қол жеткізген көрсеткіш 1,4-1,5 шамасынан асады (2 шамасына жақындай түседі), ал ПӘК біздің АҚ-КЖҚ үшін 95 % шамасында. Демек, жылытудың ЭЖЖ түрінен ИЖЖ жүйесіне толықтай көшкен жағдайда ел аумағында үй-жайды жылыту, оларды ыстық сумен қамтамасыз етуде органикалық отын 50-60 пайыздық шамада үнемделмек. Ал, егер де АҚ-КЖҚ электр энергиясын өндіруге де, тоңазыту мақсатында да пайдаланыла алатынын ескерсек, онда оның тиімділік көрсеткіші арта түспек. Бұл қондырғылардың тағы бір пайдалы жағы – кез келген суды ауызсуға жарамды етіп тазарта алатындығында.

Қолдану ортасы:

Жеке меншік әлеуетіндегі үйлер мен коттедждер, мекемелік және кез келген өндірістік үлкенді-кішілі ғимараттар.

Жүзеге асырылуы:

«Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымының межелі дамуы» ғылыми-техникалық бағдарламасы ретінде ҚР БҒМ құзырымен іске асырылуда (2011-2012 жж. 13 млн теңге игерілді)



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 05:08 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/intensifikaciya-otopitelnoi-sistemy.php?print=Y