Роторлы жұмыс мүшесі бар сусымалы материалдарды тиейтін тиегіштің конструкторлық құжатын жасау мен зерттеу жүргізу

Авторы

Нураков С. т.ғ.д., профессор

Мақсаты:

Төменгі жүк түсіруші шапшаң шөмішсіз ротордың негізінде жүк тиеуші қондырғының ленталы тиегішінің жаңа жоғары өнімді конструкциясының техникалық құжаттарын жасау және теориялық-тәжірибелік зерттеу.

Қысқаша мазмұны:

Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңыздылығына материалды қолмен тиеуді жою мен ленталы тиегішке алмастыру жатады, бұл қазіргі уақытта жасалынып жатыр. Бұл үшін тиеуші қондырғы ретінде үздіксіз жұмыс жасайтын жаңа жұмыс мүшесі мен басқа да жаңа конструкторлық шешімдер ұсынылады.Тиеуші жұмыс органы ретінде дәстүрлі шөміші жоқ ротордан тұратын, оны «жоғарыдан төмен» айналуымен жұмыс жасауға жоғары жылдамдық береді. Бұл ерекшеліктер материадарды тиеуіштің қуат сыйымдылығын 20-30 %-ке төмендетеді, өнімділікті бірнеше рет (2-4 рет) арттырады және қолмен тиеуден босатады. Осындай инновациялық конструкторлық шешімнің нәтижесінде алғаш рет жоғары өнімді сусымалы материалдарды тиегіш машиналар жасалады, ол инновациялық жаңалық және отандық басымдылық тиеуші жұмыстарды механизациялауда автономды режимде және де көлік процесіндегі ағынды құраммен жұмыс жасауға арналады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңа роторлы-ленталы тиегіштің конструкциясы мен инновациялық патентіне жобалық-конструкторлық құжаттар кешені тәжірибелік үлгі жасауға, оны сынауға және одан әрі конструкторлық жетілдіруге, Қазақстан Республикасының машина жасау өнеркәсіптеріндегі отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды береді.

Қолданылу ортасы:

Тау-кен қазу, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен жол салалары.

Жүзеге асыру:

ҚР БҒМ «Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымын мақсатты дамыту» бағдарламасымен жүзеге асырылады (2012 жылға 8 000 мың. теңге).



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 26.05.2020 / 15:18 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/konstruktorskaya-dokumentaciya.php?print=Y