Сыртқы қорек көзін қолданбай ғылыми-техникалық дәлелдеме беру және автоматтандырылған жылу жылу пунктінің өнеркәсіптік үлгісін құру

Авторы

Унаспеков Б.А. т.ғ.д., профессор
Тел. 87016195111

Мақсаты:

Электр қуатының сыртқы қорек көздерінсіз жылудың тәуелді жүйесінде жылутасымалдағыш шығынның автоматты реттелуін қамтамасыз ететін сыртқы жылу пунктінің эксперементальді және өнеркәсіп үлгісін құру

Қысқаша мазмұны:

Жобаның өзектілігі: жылумен жабдықтау жүйесін реттеу жұмысын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы энергияны үнемдейтін автоматтандырылған жылу пунктісін жасау. Алға қойылған міндеттер: теориялық және су сорғалап ағатын сорғы негізінде жылудың тәуелді жүйесінде автоматтық реттеу жүйесінін тәжірибелік зерттеу. Ғылыми жаңалығы: бірінші рет жылутасығышты реттеу процесінің технологиясы және электр қуатының сыртқы қорек көздерінсіз жылудың тәуелді жүйесінде жылутасымалдағыштың шығынын автоматты түрде реттейтін құрылғы жасалуда.

Күтілетін нәтиже:

Электр қуатының сыртқы қорек көздерінсіз жылумен жабдықтауды автоматты түрде реттеу жүйесінің теориялық негізін жасау.

Қолданылу ортасы:

Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі және ЖКХ объектілері

Жүзеге асыру:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012-2014 жылдарға арналған «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.(12 641 мың. тг.)



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 05:23 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/nauchno-tehnicheskoe-obosnovanie.php?print=Y