Аз қуаттағы қатты биоотында жұмыс жасайтын автаномды когенерациялық энергия көздерін жасау жобасы

Авторы

Ким В.М. к.т.н.
Е-mail: Kim_VM@enu.kz
Тел. 87019251997

Мақсаты:

Алыс жатқан аудандарда жаңартылған энергия көздерін пайдаланып ыңғайлы энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешу

Қысқаша мазмұны:

Жоба өзектілігі келесі заңдарға сүйенеді, «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Міндеттер: биомассада жұмыс істейтін бірнеше түрлі шағын ЖЭС дайындау, күн, жел, жер, биомасса энергияларын қоса пайдалану. Ғылыми жаңалығы: Стирлинг қозғалтқышын және биомассаны 50 кВт дейін шағын ЖЭС-да қолданылу тиімділігін зерттеу. Алғашқы рет жаңартылған не шартты түрде жаңартылған энергия көздерінде жұмыс істейтін құрама автономды шағын ЖЭС жасалып зерттеледі.

Күтілетін нәтиже:

Шағын ЖЭС жұмыс істейтін модельдері, өндіріске енгізуге қажетті техникалық шарттар. Алшақ аудандарды энергиямен қамтамасыз ету үшін қажетті 2000-3000 МВт жалпы күші бар шағын ЖЭС, ол өз кезегінде пайдалы қазбалардың жылына 4-5 млн. тоннаға дейін пайдалануын қысқартуға мүмкіндік береді. Құрама шағын ЖЭС өтелімділігі 7 жылға дейін.

Қолданылу ортасы:

Тұрғын үй-коммуналды сектор, тұрмыстық сектор. Жаңартылған және шартты түрде жаңартылған энергия көздерін пайдаланумен жасалған алшақ аудандарды энергиямен қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру:

Жобаны жүзеге асыру үшін 24 000 мың тг. қажет.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 05:51 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/razrabotka-avtonomnyh-energoistochnikov.php?print=Y