Су - жанармай эмульсиясын дайындау жүйесін әзірлеу жобасы

Автор

Ким В.М. к.т.н.
Е-mail: Kim_VM@enu.kz
Тел. 87019251997

Мақсаты:

Су-жанармай эмульсиясын дайындау жүйесін әзірлеу жобасын аз шығындармен және тиімді ЖЭС, ірі және шағын қазандықтарға енгізуге болады.

Қысқаша мазмұны:

Жоба тиімділігі келесі заңдарда қолдау табады, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», энергия үнемдеу жөніндегі ҚР кешенді жоспары, Қазақстан даму стратегиясы. Міндеттер: ЕҰУ «Баламалы отын» өнеркәсіптік - зерттеу лабараториясының базасында эксперименттер тобын өткізу, жүйенің негізгі және қосымша элементтерінің, жанарғы, СОЭДЖ сызбасының қолайлы сипаттамаларын анықтау, ең қолайлы режимдерді анықтау. Су-жанармай эмульсиясында судың ыдырау деңгейіне элекромагнит толқынының және резонатордың әсерін анықтау. Ғылыми жаңалығы: алғашқы рет жаңартылған екіроторды диспергаторы бар су-жанармай эмульсиясының жүйесі жасалды, су-жанармай эмульсиясында судың ыдырау деңгейіне элекромагнит толқынының және резонатордың әсері анықталады.

Күтілетін нәтиже:

Сұйық отын (мазут) 15-20 %-ға унемделеді, энергия 20 %-ға унемделеді (бастапқы мазуттан суды шығару қажеттілі болмағандықтан). Nox, Sox шығарылуы екі есе азаяды. Қазақстан үшін экономикалық тиімділігі – жылына 150 млн. доллар. Өтелімділігі 6-9 айдан көп емес.

Қолданылу ортасы:

Негізгі, өндірістік энергетика, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық.

Жүзеге асыру:

Жобаны жүзеге асыру үшін 150 000 мың тг. қажет.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 05:13 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/razrabotka-emulsii.php?print=Y