Биотехнология әдістермен биотикалық факторларға төзімді отандық элиталы картоп тұқымдасын алу технологиясын өндіру

Авторы

Турпанова Р.М. а.ш.ғ.к., доцент
Е-mail: Rauza_@enu.kz
Тел. 87014360827

Мақсаты:

Қазіргі биотехнологиялық әдістер негізінде Қазақстан аудандарында картоп сорттарының потенциальді өнімділік мүмкіндігін жоғарылату.

Қысқаша мазмұны:

Басты міндеттер: апикальді меристеманы бөлікке бөлу және РНК-интерференциялау әдісімен in vitro жағдайында картоптың вируссыз егу материалын алу; картоп өсімдігінің вирус инфекцияларына жауап беретін РНК-интерференцияның қорғаныштық механизмдерін зерттеу және отандық картоп сорттарының төзімді сомаклональді линияларын алу; РНК-интерференция және апикальді меристемалар әдістерін пайдалана отырып, алынған картоптың төзімді сомаклональді линияларына биохимиялық, молекулалық, селекционды-генетикалық талдау жүргізу; жабық жеке жайда өсімдік-регенеранттардың төзімді сомаклональді линияларын көбейту; төзімді сомаклональді линияларына далалық сынама жүргізу; селекционды-генетикалық бағалау; шаруашылық-бағалы белгілері бар формаларды бөліп алу;

Күтілетін нәтиже:

Вируссыз картоп тұқымдасын өңдеу нәтижесінде картоп сапасы жоғарылайды және картоп нарығында импорт алмасу төмендейді. Нарықты сапалы картоппен толықтыру барысында картоп бағасы 1,5-2 есеге төмендейді. Нәтижелердің бәсекелестік қабілеті өте жоғары, себебі өндіріске енгізуге ұсынылған картоптың жаңа төзімді формалары және сорттары алынады.

Қолданылу ортасы:

Фермерлі шаруашылық, азық-түлік нарығы, Қазақстан Республикасының тағам индустриясы

Жүзеге асыру:

Жобаны жүзеге асыруда 30 000 мың. тг қажет.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 30.05.2020 / 14:05 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/razrabotka-proizvodstva-semyan-kartofelya.php?print=Y