Флуоресцирленетін, отандық полимерлі шикізат өндіретін тәжірибелі өндірісті ұйымдастыру және технологиясын дамыту

Авторы

Иргибаева И.С. х.ғ.д., профессор
Е-mail: irgsm@mail.ru
Тел. 87014158163

Мақсаты:

Жаңа поликонденсациялы шәйір өндіру және де соның негізіндегі флуоресцирлеуші полимерлі материалды жол және бағыттаушы белгілерді, көліктерді, жол бойы жумысшыларының кәсіби формасын бояу үшін пайдалану.

Қысқаша мазмұны:

Люминисцирлеуші материалдарды пайдалану аймағы –жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысының қатысушыларының назарын жоғары қауіптілік көздеріне және жолда жұмыс істейтін адамдарға бөлу. Улы формальдегидтің сыртқы ортаға бөлінуі айтарлықтай төмендейтін, меламино-сульфонамид-формальдегидті шәйір және соның негізінде флуоресцентті пигменттердің термопластикалық және термореактивті түрлерін алудың жолдарын қалыптастыру. Ғылыми жаңалығы: а) процестің ерекше технологиясының арқасында толуолсульфонамид пен (ТСА) параформальдегид арасындағы реакция тез және салыстырмалы төмен температурада жүреді, соның нәтижесінде параформальдегидтің аз бөлігі( 0,2% аз) атмосфераға бөлінетін газтәрізді формальдегид түзілуіне жұмсалады. Бұл өндірістің жоғары экологиягиялылығын қамтамасыз етеді; б)Jet Mill пигментін майдалаудың ерекше тәсілінің арқасында, 3 тен 20 микронға дейін, жоғары біртекті флуоресцирлеуші қаптама алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, ол басқа осы тәрізді қаптамалармен салыстырғанда күшейтілген флуоресцирлеуші әсерге ие.

Күтілетін нәтиже:

Люминисцентті жол белгілерінің және меламиноформальдигидті шәйірдің тәжірибелік үлгілерін алу.

Қолданылу ортасы:

Жол белгілерін жасау, ағаш өңдеуші кәсіпорын үшін меламиноформальдегидті шәйір өндіру.

Жүзеге асыру:

Жобаны іске асыруға 24 мың теңге қажет.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 04:28 ): www.enu.kz/gylym/nauchno-tehnicheskie-proekty/razrabotka-tehnologii.php?print=Y