25 Января 2016
2016 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен «Н.Назарбаев және мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференцияда тәуелсіз Қазақстанның заманауи мемлекеттік қызмет жүйесін институционалдау және кәсібилендіру мәселелері талқыланатын болады.
№1 секцияның отырысы:
-
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылдың 26 желтоқсандағы Жарлығы – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи институционалдаудың басталуы» (Модератор: Т.С. Донақов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі);
-
«Қазақстан Республикасы Президентінің Заңды күші бар Жарлықтары – Қазақстанның заманауи құқықтық жүйесінің негізі: мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» (Баяндамашы: З.Л. Федотова, Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы рақымшылық бойынша комиссияның төрағасы);
-
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың қалыптасу және даму кезеңдері» (Баяндамашы: З.Қ. Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы);
-
«Мемлекеттік қызмет институтының конституциялық-құқықтық негіздері» (Баяндамашы: И.Ж. Бахтыбаев, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі);
-
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздік алуы – мемлекет пен мемлекеттік аппараттың заманауи келбетін анықтаған тарихи оқиға» (Баяндамашы: М.Ч. Қоғамов, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің профессоры).
№2 секцияның отырысы:
-
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы, мемлекеттік қызметтегі меритократия, тиімділік және ашықтық қағидаларының қалыптасуын қамтамасыз етуші» (Модератор: «Нұр Отан» апртиясы төрағасының бірінші орынбасары А.И. Мырзахметов);
-
«Жаңа Тәуелсіз мемлекеттер мен тиімді мемлекеттік аппараттың негізін қалаған Ұлт Көшбасшылары» (Сингапурмен бейне арқылы байланыс, Баяндамашы: Махбубани Кишор, Ли куан Ю атындағы Сингапур Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы );
-
«Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Болашақ» бағдарламасы – жаңа формациядағы басқарудың қалыптасу негізі» (Баяндамашы: Қ.У. Бишімбаев, «Бәйтерек ҰӘҚ», «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы);
-
«Мемлекеттік қызметтің ашықытығы – оның тиімділігін қамтамасыз етудің басты жағдайы» (Баяндамашы: Рикардо Пелиццо, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Вице-Деканы);
-
«Мемлекеттік рәсімдердің ашықтығы және қолжетімділігі» (Баяндамашы: С.С. Сәрсенов, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министрі ).
№3 секцияның отырысы:
-
«Елбасының заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша институционалдық реформасы» (Модератор: М.Т. Мамашев, Назарбаев Университетінің атқарушы вице-президенті);
-
«Назарбаев Университеті - Елбасының бастамаларын жүзеге асырудағы ғылыми-білім беру орталығы және тірегі» (Баяндамашы: Хуэй Вэнг Тат, Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы);
-
«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның новеллалары» (Баяндамашы: В.Я. Бобров, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің мүшесі);
-
«Заманауи мемлекеттік қызмет: өзін-өзі ұстаудың жаңа этикалық стандарттары және оларды қамтамасыз ету тетіктері» (Баяндамашы: А.А. Шайымова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Вице-министрі);
-
«Қазақстан мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексі – әлемдік тәжірибе стандарттарына негізделген моральды-этикалық ережелердің жиынтығы» (АҚШ, Итака қаласымен бейне арқылы байланысқа шығу, Баяндамашы: Чарльз Уайтхед, Корнел университеті Құқық мектебінің профессоры);
Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 53, Назарбаев Университетінің «Сенат Холл» залы
Басталуы: сағат 10:00.