28.08.2020
Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Геотехникалық институты негізінде «Маусымдық қататын топырақ негіздерінің және ғимараттар мен имараттар іргетастарының өзара әрекеттесуін зерттеу» ғылыми жобасы бойынша постдокторлық зерттеулер жүргізілуде.
Сәрсембаева Әсел Серікқызы – техника ғылымдарының кандидат, философия докторы (PhD), Брунель университеті докторантурасының түлегі (Ұлыбритания) – 2020 жылы «Маусымдық қататын топырақ негіздерінің және ғимараттар мен имараттар іргетастарының өзара әрекеттесуін зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін постдокторлық бағдарламаға қабылданған. Бұл жобаның жетекшісі – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Геотехникалық институтының директоры т.ғ.д., профессор А.Ж. Жүсіпбеков.
Осы жылдың наурыз айында постдокторанттың үлесімен РФБР және Болгарияның Ұлттық ғылыми қорымен бірлесіп өткізілетін іргелі ғылыми зерттеулерге Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің қатысуымен «Техногендік әсерге ұшыраған аудандардағы топырақ іргетастарының шөгуі мен көтергіш қабілетін болжау» тақырыбында халықаралық грант алуға ғылыми өтінім берілді.
Табиғи құрылымы бұзылмаған топырақ үлгілерді Direct Shear заманауи ығысу құрылғыларында синхронды түрде сынау
Университеттің докторанттарымен бірге Ә.С. Сәрсембаева ҰАО «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» Медицина университеті» жанында «800 орындық біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану» объектісінде инженерлік-геологиялық зерттеулер негізінде маусымдық қататын топырақ негіздерінің физика-механикалық сипаттамаларын зерттеді. 12-20 м тереңдіктегі 40 ұңғымадан монолиттерге жүргізілген зертханалық зерттеулер барысында топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері, олардың пайда болу стратиграфиялық реттілігіне сәйкес, Direct Shear, Oedometer Consolidation, Triaxial Shear заманауи аспаптарындағы ығысу және сығымдау сынақтарының ASTM, BS, ҚР ҚН деректері және ГОСТ халықаралық стандарттары бойынша анықталды (1 және 2-сурет).
Топырақ үлгісін ішкі үйкеліс күшінің бұрышы мен ілінісуін анықтау үшін триаксиалды қысуға сынау
Постдокторант бірнеше мақалаларды Web of Science дерекқорының (Q2 квартилімен) және Scopus (кемінде 75 процентилімен) ғылыми метрикалық басылымдарында жариялауға тапсырыс берді.
Маусымдық қататын іргетас негіздеріндегі топырақтың су мен мұзға қарсы химиялық реагенттердің тасымалдауды зерттеу нәтижелері туралы мақала Elsevier баспасынан шығатын «Көлік геотехникасы» журналына қабылданды. Сонымен бірге «Қолданбалы ғылымдар» журналы үшін Астана топырақтарының геоақпараттық базасын құруға және көлденең стратиграфияны салуға арналған және топырақ қабаттарының физикалық-механикалық қасиеттерін ескере отырып жазылған мақала әзірленуде. Нұр-Сұлтандағы геоақпараттық деректерді цифрландыру жүйесі объектілерді салу кезінде инженерлік-геологиялық зерттеулерді едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар маусымдық қататын топырақ негіздерінің аяздан ісіну мәселелерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
Постдокторанттың Геотехникалық институттың ғылыми жұмыс аясында Нұр-Сұлтан қаласының геоақпараттық мәліметтерді цифрландыру жобасына қатысуы
Әсел Сәрсембаеваның Сиднейде (Австралия) өтетін ICSMGE-2021 Халықаралық геотехникалық конференциясына қатысу үшін ғылыми мақалаға абстракты қабылданды, бұл жерде университетіміздің постдокторантура бағдарламасының шеңберіндегі зерттеулердің нәтижелері ұсынылатындығын атап өту маңызды.
Ә. Сәрсембаева «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» кафедрасының докторанттары мен магистранттары арасынан маусымдық қататын топырақты зерттеу және зертханалық сынауда білім мен тәжірибенің үздіксіз жалғасуы үшін ғылыми мектепті құрмақ. Геотехникалық институттың ғылыми ұжымы 2023 жылы өтетін геотехника саласындағы әйгілі ISSMGE-2023 Халықаралық конференциясын Қазақстанда (Нұр-Сұлтан) қарсы алуға белсенді дайындалып жатыр. Бұл іс-шарада геотехника саласындағы дүниежүзілік ғылыми мектептер арасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Геотехникалық институты маңызды халықаралық жиынды өткізуде басты ұйымдастырушылардың бірі болады.
Докторант І. Жұмаділов постдокторант Ә.Сәрсембаеваның қатысуымен және ғылыми кеңесімен жүргізілген компрессиялық тестер өткізуде
Қазақстандық Геотехникалық қауымдастығының құрамында Ә. Сәрсембаева TS305 «Мегаполистер мен жаңа астаналардың геотехникалық инфрақұрылымы» (ISSMGE) шеңберіндегі техникалық комитетті құру және басымды тапсырыстарды анықтау үшін брифингтер мен онлайн-іс-шараларға белсенді қатысып келе жатыр (төрағасы – профессор А.Ж. Жүсіпбеков).
Геотехникалық институттың басқа зерттеушілерімен бірге ол әлемдегі жетекші ғылыми мектептердің арасында негізгі ғылыми нәтижелері шығарылатын, мысалы Беркли Университеті (Калифорния, АҚШ) сияқты және басқа, геотехника саласындағы жетекші халықаралық басылым ISSMGE ақпараттық бюллетенді ағылшын тілінде дайындауға белсенді қатысып жатыр.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Геотехникалық институттың командасы ISSMGE-2023 Халықаралық геотехникалық конференциясына арналған веб-сайтты дайындады
Қорыта келгенде, Әсел Сәрсембаева постдокторантураға қабылданған сәттен бастап алты ай ішінде ғана тиімді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар университетіміздің имиджін және оның әлемдік рейтингісін жақсартуға өз үлесін қосып келеді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі ретінде (Ұлыбританиядағы университеттің күндізгі докторантурасы) ол үнемі «Халықаралық бағдарламалар орталығы»-мен үйымдастырылатын шараларға қатысады (мысалы «Bolashaq Talent Management» интерактивті брифингі), мұнда өзін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті және постдокторанты деп мақтаныш тұтады.
Ғылыми кадрларды аттестаттау және постдокторантура бөлімі