Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі!
Біздің университет қабырғасында “Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі белсенді қызмет атқаруда.
Ассоциация тарихы
“Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектер қауымдастығы ” қоғамдық бірлестігі 2008 жылдың қазан айында университет әкімшілігі қолдауымен және ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдрайым мырзаның бастамасы арқасында құрылды. Қауымдастық мақсаты – барлық түлектер арасындағы достастық пен әріптестікті нығайтып, мүдделер мен құндылықтар ортақтығын сақтау, соның арқасында білім ордасының дамуының тұрақтылығы мен үдемелілігін қамтамасыз ету.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектер қауымдастығы - біртұтас және белсенді жүйе. Қауымдастықтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде 2008 жылғы жастарды патриоттық тәрбиеге баулуға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық‑аналитикалық әдістемесі баспадан шығарылды, “Ұрпақтар дауысы” еәлеуметтік‑ақпараттық журналы ашылды, университеттің белсенді студенттері өз үлестерін қосып жатқан заң клиникасы құрылды. Сонымен қатар түлектердің бірыңғай базасы жасалды, алуан түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, түлектердің жиналыстары өткізілді.
Қауымдастықпен өткізіліп отыратын мәдени және іскерлік шаралар түлектердің біртұтас бірлестігін құруда негіз болады.
Біздің міндетіміз
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектері қауымдастығының міндеті - Қазақстан Республикасының әлеуметтік‑экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған түлектердің интеллектуалдық, шығармашылық күштері мен іскерлік әлеуетін біріктіру, сонымен қоса, түлектердің жеке өмірлерінде және өз тәжірибелерінде жиі кездесетін мәселелердің нәтижелі шешімдерін табу, университеттің стратегиялық дамуына жәрдемдесу. Біздің жұмысымыздың мақсаты – түлектердің барлық ұрпақтарын біріктіру мен олардың әлеуметтік және іскерлік қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
Қауымдастық мүшелігінің артықшылықтары
Университеттің оқу корпустарына еркін кіру құқығы; университеттің кітапханасы және оқу залдарын пайдалану мүмкіндігі; университеттің барлық электрондық ресурстарымен қолдану мүмкіндігі; ассоциацияның арнайы бағдарламаларына тегін түрде қатысу мүмкіндігі; ассоциацияның жалпы бағдарламаларына жеңілдікті шарттар негізінде қатысу мүмкіндігі; ассрциация атынан жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыруға қатысу құқығы; университеттің спорт кешендеріне жеңілдіктер; тұсаукесер, семинар, тренингтерге арналған аудиториялық қорлар мен залдарды қолдануға мүмкіндіктер.