Шетелдік студенттер мен түлектерден құттықтау
Университеттегі практика білім алушының қандай курста оқитындығына байланысты оқу-танысу, оқу, тілдік, педагогикалық, өндірістік, диплом алды, зерттеу және т.б. бірнеше түрге бөлінеді. Мұндайда басты мақсат білім алушылардың кәсіптік қызметті игеруінде үздіксіздік пен кезектілікті қамтамасыз етуге негізделеді.
Практикадан өту мерзімдері оқу жоспары мен академиялық күнтізбе, университеттің оқу-өндірістік базасы мен практика базаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері және білім алушылардың теориялық дайындығын есепке ала белгіленеді.
Практика базаларын қалыптастыру жөнінде толығырақ ақпарат
Кафедра практика басталатын уақыттан 2 ай бұрын білім алушының практикадан өтуі үшін қажет дайындықты ұйымдастырады. Білім алушылар практиканың барлық түрлеріне қатыспас бұрын кафедра оларды практика бойынша нормативтік құжаттармен (практика бойынша бағдарлама, әдістемелік ұсыныстар); практиканың міндеттері мен мақсаттарымен; практика өтілетін орындарда қауіпсіздік техникасы бойынша ережелермен (білім алушылардың кафедраның ҚТ бойынша кіріспе нұсқаулық журналына міндетті қол қоюымен); практиканттарға қойылатын талаптармен; практика бойынша есептік құжаттамаларды рәсімдеу мен тапсыру тәртібімен таныстыру үшін нұсқаулық конференция өткізеді.
Практика басталмас бұрын білім алушы тиісті кафедрадан білім алушының бағдарламасын, бағытын, жұмыс жоспар-кестесін, кәсіптік практикадан өтуге қажет күнделік-есепті; практикадан өту процесі бойынша ұсыныстар мен кеңестер алуға міндетті.
Практика базалары болып табылатын ұйымдарға жіберілетін білім алушылар университетте сәйкесінше бұйрық шыққаннан кейін практикадан өту орнын өзгерте алмайды. Білім алушының ауруына (ауырғандығы жөнінде анықтама бір апта көлемінде жарамды) байланысты, база практикадан өтуге қатысты ұсынысты қабыл алмаған жағдайда немесе өзге де дәлелді себептерге байланысты растаушы құжатты ұсынумен практикадан өту орнын өзгерту қажет болған жағдайда, кафедра факультет деканының атына себепті мазмұндаумен қызметтік жазбахатты әзірлейді. Деканат практика басталатын уақыттан 7 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде өкім жазып, оқу жұмысы бойынша проректор атына жазылған ұсынысты әзірлейді.
Практикаға тағайындау тәртібі мен практикадан өтуді бақылау жөнінде толығырақ ақпарат
Білім алушылар деканның қол қоюы үшін және факультет мөрін басу үшін практикаға бағыт алулары міндетті. (Ф ЕҰУ 705-09-16 Практикаға бағыт).
Соңғы курста білім алушылардың диплом алды/зерттеу практикаларының өту орындары диплом/диссертациялық зерттеу тақырыптарына сәйкес келулері қажет.
Білім алушының практика бойынша академиялық қарызы/айырмашылығы болған жағдайда, білім алушы қарызды демалыс уақытында немесе теориялық оқу кезінде кестеге сәйкес өтеуі тиіс.
Практика бойынша академиялық қарыз/айырмашылықты өтеу бойынша толыққанды ақпарат
Практиканың барлық түрлерінің қорытындысы бойынша білім алушы тиісті кафедраға кәсіптік практикадан өткендігі жөнінде күнделік-есеп пен есепті тапсырады. Олар практика жетекшісімен тексеріліп, кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың бекітілген балл-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференциялы сынақпен бағаланады. Практика бойынша есептерді қорғау хаттаманы рәсімдеумен кестеге сәйкес жүргізіледі (Ф ЕҰУ 403-02-13).
Практика бойынша есептерді қорғау тәртібі туралы