Жиі қойылатын сұрақтар

Бакалавриат дегеніміз не?

Бакалавриат — бұл алғашқы, негiздi, 4 жылға созылатын жоғары бiлiм деңгейi. Оның ерекшелiгi - студент өндірістік тәжірибеге бағдарланған,яғни,iргелi даярлануда таңдаған бағыты бойынша кең бiлiм ала алады. Бұдан басқа, бакалавриат бағдарламасына басқа ғылыми облыстардан негiздi мәлiметтер кiредi. Бакалавриат мамандандырының ауқымы кең. Оқуды бітірген соң білім алушыларға жоғарғы кәсiби бiлiмi бар туралы"бакалавр" дәрежесiмен қоса диплом табыс етіледі.

Бұл жоғарғы немесе бiтiрілмеген жоғары бiлiм бе?

Бакалав дипломы жоғарғы кәсiби бiлiмді аяқтағанын растайтын құжат болып табылады.

Бакалавр дипломы сізге не береді?

Бакалавр дипломы бiтiрушi түлекке олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жоғары бiлiмнiң бар болуын ескеретiн қызметке орналасуына жол ашады. Сонымен қатар «бакалавр» дипломы магистратурада білім алуға жол ашпақ.

- ЕҰУ-дің қабылдау комиссиясы талапкерлердің құжатын қай күннен бастап қабылдайды және қабылдау комиссиясы өз жұмысын қашан аяқтайды?

- Жоғары оқу орнына қабылдау байқау негізінде өтетіні баршаға мәлім. Бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеуден жинаған балл жазылған сертификат негізінде талапкерлер құжат тапсырып, республикалық байқауға қатысады.

Осы орайда бірыңғай ұлттық тестілеуді биыл мектеп бітірген оқушылар, ал кешенді тестілеуді өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желiсi бойынша шетелде оқыған жалпы бiлiм беретiн мектепті бiтiрушiлер, өзбек, ұйғыр және тәжiк тілдерiнде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептi бiтiрушiлер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бiтiрген азаматтар үшін өткізіледі.

- Оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына қандай құжаттарды тапсыру қажет?

· Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш;

· жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатының түпнұсқасы;

· 3х4 көлеміндегі 2 сурет;

· 086-У нысанындағы медициналық анықтама және 063-У форматындағы егу туралы карта;

· Туу туралы куәліктің, СТН, ӘЖК көшірмесі;

· 1 қағаз тігетін папка, 2 файл, 1 конверт;

· 1-2-топтағы мүгедектер және мүгедек балалар қабылдау комиссиясына медициналық-әлеуметтік сараптаманың ол таңдаған мамандық оның денсаулығына кері әсерін тигізбейтіні туралы қорытындысын тапсыруы қажет.

- Құжаттарды пошта арқылы жіберуге бола ма?

- Жоқ, талапкер құжатты өзі келіп тапсыруы қажет.

- Білім грантынан үміткерлер үшін қандай құжат талап етіледі?

- Журналистика, бейнелеу өнері сияқты шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлерге басқа мамандықты таңдауға рұқсат жоқ. Неге? Мәселен, шығармашылық емтиханнан сүрінген талапкердің басқа мамандық бойынша грант иелену құқы бар ма?

- Иә, шынымен шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлер білім грантын алу үшін тек қана бір мамандықты және шығармашылық емтихан тапсырған оқу орнын ғана таңдай алады. Сондықтан, құжат тапсырар алдында осы ерекшелікті ескеріп, мұқият болу керек.

Егер, талапкер шығармашылық емтиханнан алған балына көңілі толмайтын болса, онда грантка байқауға қатысқан кезде 4 мамандықты көрсетуі тиіс.

- Талапкер өзі тапсырған мамандық бойынша байқау туралы ақпаратты қалай біле алады?

- Болашақ мамандықты таңдар кезде талапкерлердің көбі ата-анасының айтқанына көнеді немесе достарының таңдауын жасайды. Осы орайда қазір еліміз үшін қандай мамандардың аса қажет екенін айта аласыз ба?

- Біздің университет бойынша «Қаржы», «Экономика», «Есеп және аудит», «Халықаралық қатынастар» сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары. Қазіргі жастардың көбісі ақпараттық технология саласындағы маман немесе заңгер болғысы келеді. Бұл тегін емес. Себебі, қазір нарықта осы мамандықтарға деген сұраныс жоғары.

- Грантты бөлу қашан және қалай жүзеге асады?

- Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді. Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде - 4 балл.

- Мүгедектер, жетімдер және толық емес отбасыдан шыққан жастарға әлеуметік стипендия қарастырылған ба? Егер балдары тең болып қалған жағдайда грант бөлу кезінде кімдерге басымдық беріледі?

- Білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ гоптағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі.

Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады.

Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота

белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы

мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының

70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

- Ақылы бөлімге құжат тапсыратын жастар нені ескеруі керек?

- Еуразия ұлттық университетінің ақылы бөліміне орта білім алған, ҰБТ -ны тапсырған немесе кешенді тестілеуден өткен жастар құжат тапсыра алады. Олардың жинаған балл саны 70-тен кем болмауы тиіс. Тек кейбір ерекше жағдайда ғана факультет деканы мен қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының ұсынысымен 70 балдан кем жинаған талапкер ақылы бөлімге оқуға қабылдануы мүмкін.

- Талапкерлерді мазалайтын тағы бір сұрақ жатақхана және стипендия мәселесі. Оның берілу тәртібі қандай?

- Мемлекеттік білім грантын иеленген студенттердің барлығы бірінші семестр аяқталғанша мемлекеттік стипендия беріледі. Ал егер ол сессиясын жақсы тапсыратын болса, екінші семестрде де осы стипендияны одан әрі алатын болады.

Ал жатақхана алдымен басқа қаладан келген жастарға және грант иегерлеріне беріледі.

- Оқуға түскені туралы ақпаратты талапкер қайдан және қашан білетін болады?



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 01.06.2020 / 04:20 ): www.enu.kz/okuga-tusu/bakalavriat/chasto-zadavaemye-voprosy.php?print=Y