
Құрметті үміткерлер!
Философия докторы немесе PhD доктор – бұл докторлық бiлiм беру бағдарламасын бiтiрген және докторлық диссертацияны қорғайтын тұлғаға берiлетiн жоғарғы ғылыми дәреже. Кеңестік және кеңестен кейiнгі жүйеде аталмыш ғылыми дәреженің аналогы ретінде "ғылым кандидаты" ғылыми дәреже болып табылады. Әлем елдерiнде (АҚШ, Канада, Еуропа елдерi және тағы басқа)PhD дәрежесi жоғарғы болып табылады.
Болон процесiндегi бұрын болған мамандыққа қатысты дәреже ережелеріне сәйкес - маман және тиiстi ғылыми дәрежелер - кандидат және доктор таяу жылдарда бiртiндеп дүниежүзілiк тәжiрибеде танылған үш академиялық дәрежелермен алмастырылады: бакалавр, магистр және философия докторы.
PhD дәрежесi атауына қарамастан,(тарихтан басқа) философияға iс жүзiнде ешқандай да қатысы жоқ және (физика бойынша философия докторы, журналистика бойынша философия докторы) барлық ғылыми салаларда дерлiк беріледi. Бұл стандартты құрылымындағы философия, заң, дәрiгерлiк және теология факультеттерi бар орта ғасырлық университеті заманындағы дәстүрлермен байланыстырылған. Осылайша,бүгінде дәрiгерлерге - медицина докторы, заңгерлерге - құқық докторы, теологтарға - теолог докторы дәрежесi беріледi. Қалғандарына философия докторының академиялық дәрежесi беріледi.
Докторантураның міндеті - мемлекеттiк басқару және халықаралық қатынастар, экономика, саясат және ғылым саласындағы мемлекеттiк және азаматтық қызметтiң элиталық кадрларын даярлау; әлемдiк білім беру нарығындағы ғылыми - педагогикалық кадрлар, ғалымдар мен мамандардың бәсекеге түсе алатындығын қамтамасыз ету; Болон процесiнiң қағидалары мен халықаралық талаптарға сәйкес ғылыми - педагогикалық кадрларды даярлау процессiн жетiлдiру.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторантурасында оқу күндізгі бөлімде екі бағыт бойынша жүргізіледі: ғылыми - педагогикалық және бейіндi бойынша. Ғылыми - педагогикалық бағыт (ЖОО жүйесi) ғылыми және педагогикалық сала үшiн философия докторларын, өндiрiстiк орта үшiн бейінді топ-менеджерлерін дайындайды. Оқу мерзiмі 3 жылды құрайды.
e-mail: enu_priem2015@mail.ru
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Аралханов Мақсат Салықұлы
Қабылдау комиссиясы жұмысының басталуы 2016 жылғы 20 маусымнан бастап
Қабылдау комиссиясының мекенжайы - Қажымұқан көшесі, 13, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ОЗК-2 оқу корпусы (СҚФ).
Ph.D докторантурасына түсуші тұлғалардан өтініштер қабылдау 10 - 30 шілде аралығында жүргізіледі, оқуға түсу емтихандары 1–20 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ph.D докторантура не үшін қажет?
Бiлiм саласы бойынша әлемдiк нарықтағы ғылыми - педагогикалық кадрлар, ғалымдар мен мамандардың бәсекеге түсе алатындығын қамтамасыз ету үшiн. Ph.D докторантура халықаралық талаптар мен Болон процессiнiң қағидаларына сәйкес ғылыми - педагогикалық кадрларды даярлауда біліктілігін жетiлдiруді қамтамасыз етедi.
Ph.D докторантурада оқу үлгісі қандай?
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Ph.D докторантурада білім алу еңбектен қол үзіп, күндізгі оқу үлгісімен жүргізіледі. Оқу мерзімі 3 жылды құрайды.