Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ көп жылдар бойы қатысып келе жатқан ҚР БҒМ-ның «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы білім беру бағдарламасының әлеуетін жоғарлатуда маңызды рөл атқарып келеді.
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қос дипломды білім беру бағдарламасын магистратура бойынша Ресей халықтар достастығы университетімен (Ресей) «Юриспруденция», «Халықаралық құқық», «Әлеуметтану» мамандығы бойынша «Қоғамның әлеуметтік мәселелерін оқытуда заманауи тәсілдері мен технологиялары»; Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық унивреситетімен (Ресей) «Шетел тілі: екі шетел тілі» бағыты бойынша; Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетімен «Құрылыс» бағыты бойынша; Дубна қаласының ядролық зерттеулер институтымен бакалавр және магистрлерді даярлауда «Ядролық физика» және тағы басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырып келеді.
Кадрларды даярлауда шарт жасасу арқылы екi елдiң дипломына ие болу бiлiм беру бағдарламаларының мазмұнына сай келiсiм бойынша алдын ала жұмыс жасау талап етіледі. Бұған тәжірибеміз жеткілікті.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық университеттердің қызметіне қатысуға мол мүмкіндік береді. Олар ШЫҰ елдерінің университеті ішкі бөлімге сілтеме, ТМД елдерінің Желілік университеті ішкі бөлімге сілтеме,М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы ішкі бөлімге сілтеме.
ТМД елдерінің Желілік университеті
ТМД елдерінің Желілік университеті қызметі аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Беларусияның (Белорус мемлекеттік университеті), Украинаның (О. Гончар атындағы Днепропетровск ұлттық университеті, Донец ұлттық университеті), Қырғызстанның (Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университеті және Қырғыз-Ресей славяндық университеті), Тәжікстанның (Тәжік мемлекеттік ұлттық университеті мен Ресей-Тәжік славяндық университеті), Ресейдің (Ресей халықтар достығы университеті) мен Қазақстанның (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әуезов атындағы ОҚМУ) серіктес ЖОО-мен ынтымақтастық етеді.
ТМД елдерінің Желілік университетінің қатысушыларымен бірге магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша дайындығын жүргізудеміз: «Менеджмент» (мамандандыру - халықаралық жобаларды басқару, «Экономика» (мамандандыру – халықаралық сауда), «Филология» (мамандандыру – орыс тілі және әдебиет), «Халықаралық құқық».
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университеті
ШЫҰ-ның университетін құрудағы мақсат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты нормативтік-құқықтық актілері аясында анықталған, және ол мынадай: ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен достастық қарым-қатынасты нығайту; Білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық үрдістерді дамыту; Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы көпжақты әріптестік байланысты дамытып, оған тың серпін беру; Жастардың сапалы заманауи білім алуы, ал оқытушылар мен ғалымдардың ғылыми байланысын дамыту мүмкіндігін кеңейту; Ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы әріптестік байланысын тиімді дамыту;
М.В. Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалының негізі қаланған күнінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқытушы-профессорлар қауымы бакалавриат, специалитет және магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей қатысушысы болып келеді.
Елбасының бастамасымен ЕҰУ-де М.В.Ломоносов атындағы ММУ–дің қазақстандық филиалы ашылған. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу университетінің құрметті профессоры және құрметті докторы. Атап өтетін жәйт, Н.Назарбаев Мәскеу университетінің екі жоғары атақты алған ТМД елдерінің жалғыз Президенті.
Осы кезден бастап оқу үрдісінің басталуына қызу дайындық жұмыстары жүргізілді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ашылғандықтан 2000,2001 және кейінгі жылдары да ЕҰУ ректорлары Мырзатай Жолдасбеков, Сәрсенғали Әбдіманапов, Бақытжан Әбдірайым филиалдың қалыптасуына орасан зор үлестерін қосты. Еуразия ұлттық университеті тарапынан жатақханалардағы басқа қаланың студенттерi үшiн қажеттi орындар, материалдық база,қажеттi оқу дәрiсханаларымен қамтамасыз етті.