Докторантураға құжаттар қабылдау мерзімі 2019 жылдың 3-шілдесі мен 25-шілде аралығы
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсетін тұлғалар университетке келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысанға сәйкес университет ректорының атына жазылған өтініш;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом (қабылдау комиссиясына құжат тапсыратын уақытта диплом мен қосымшаның түпнұсқасы);
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шет тілін жалпы еуропалық құзыреттілікке (стандарт) сай шет тілін білетіндігі жайлы халықаралық сертификаттың көшірмесі (сертификаттар тізімі және ең төменгі шекті балл Үлгілік қағидамен анықталады);
Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - (TOEFL ITP – кемінде 138 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 32), Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT) шекті балл – кемінде 400, Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT) – шекті балл – кемінде 47), International English Language Tests System (IELTS), шекті балл – кемінде 4.5);
Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);
Француз тілі: Test de Franзais International™ - (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - (DALF, C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - (TCF – кемінде 400 балл).
Ұсынылатын сертификаттардың шынайылығы мен қолданылу мерзімін университеттің қабылдау комиссиялары тексереді.
5) бағдарламалар бойынша стандартталған тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың көшірмесі (GRE) (бар болған жағдайда);
6) жұмыс/оқу орнымен расталған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (кадрлар бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер; жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер; жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат);
8) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
9) 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрографиясымен;
10) тезтікпе, 6 файл, конверт (A5).
3,4,5 тармақтарда көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.