Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар


Магистратураға құжаттарды қабылдау қашан басталады және емтихандар қандай нысанда өтеді?

Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.

Кешенді тестілеу, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.


Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЕҰУ магистратурасына түсу ережелері қандай?

Магистратураға және докторантураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Университетке шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.


Шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS)тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады ма?

Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудіңшет тілі бойынша тестінен босатылады:

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемі 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемі 87), (TOEFL PBT шекті балл – кемі 560 балл), International English Language Testing System (IELTS, шекті балл – кемі 6.0);

Неміс тілі: Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/Cl деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau Cl/Cl деңгейі);

Француз тілі: Test de Français International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейінен кем емес), Diplôme d'Études en Langue Française (DELF, B2 деңгейі), Diplôme Approfondi de Langue Française (DALF, Cl деңгейі), Test de Connaissance du Français (TCF – кемі 400 балл).


Магистранттар халықаралық жобаларға қатыса алады ма?

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да магистратураның «Қос дипломды білім беру» бағдарламасы жүзеге асырылады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға түскен магистранттар «ТМД Желілік университеті» бағдарламасына қатыса алады. Еуразия ұлттық университеті магистранттарының ТМД Желілік университеті аясында «Қос дипломды білім алу» бағдарламасы бойынша білім алуы 2009 жылдың 11 маусымындағы ТМД-да ЖУ құру туралы концорциумды мақұлдау негізінде жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда «Магистранттардың академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы іске асырылуда.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 22.09.2020 / 20:04 ): www.enu.kz/okuga-tusu/magistratura/zhie-koylatin-suraktar/index.php?print=Y