Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті

Департаменттің басты міндеті білім алушылардың азаматтық, тұлғалық, жан-жақты түрде қалыптасуына жағдай жасау, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Алға қойылған міндетті атқарады:

· Жастар саясаты бөлімі;

· Әлеуметтік қолдау бөлімі;

· «Өнер» орталығы.

Жастар саясаты бөлімі – білім алушылардың оқудан тыс уақыттарын танымды әрі пайдалы өткізуге, студенттің жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Бізде жұмыс істейді:

· Жастар саясаты орталығы;

· «Нұр Отан» қалалық «Нұр» филиалының «Жас Отан» жастар қанаты;

· «Оратор», «Парасат» және «Жеті жарғы» интеллектуалды-пікірсайыс клубтары;

· Студенттердің қызығушылығы бойынша факультеттік клубтар мен ұйымдар (жалпы саны 70-тен астам).

Университет деңгейінде көптеген іс-шаралар өтеді: бірінші курс студенттеріне арналған «BELES» салтанатты кеші; дәстүрлі «Parasat CUP», «ENU CUP» және «Күлтегін» республикалық дебат турнирлері; студенттер күніне арналған «ENU Students Day» кеші, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елдік дәрістер», «Астана көктемі» және т.б.

Әлеуметтік қолдау бөлімі – университеттегі әлеуметтік тұрғыдан  аз қамтылған білім алушыларды қолдауға және олардың оқуына, дем алуына жағдай жасауға бағытталған. Барлығы студенттер үйін бағдарламасы аясында университетте жұмыс жасайды:

· Медицина орталық;

· «Дәрігер Абдугалимова» емханасы;

· Студенттік кинотеатр (№5 СҮ);

· Асханалар;

· Спорт залдар;

· Студенттік үйлер (саны – 7);

· Студенттер мен магистранттардың кәсіподақ ұйымы.

Әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шаралар: білім алуға жеңілдіктер ұсыну және ішкі гранттар бөлу; мұқтаж жандарға Студенттік үйлерде тұруға жеңілдіктер (білім алушылардың келесідей сатыларына: жетімдерге, мүгедектерге ақысыз төсек-орнын бөлу), сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар қатарындағы студенттерге материалдық көмек көрсету.

Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жол жүру қарастырылған.

«Өнер» орталығы – шығармашыл жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, өнерлі жастардың қабілетін ұштайтын ұжым.

Орталықта:

· «Кәусар» мәдени-танымдық клубы;

· «Жігер» мәдени-танымдық клубы;

· «E-STUDIO» әншілер орталығы;

· «Шаңырақ» студенттік театры;

· «Самұрық» би мектебі;

· «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі;

· Жайдарман-КВН ойындары;

· «ENULIFE» медиа орталығы жұмыс жасайды.

Университет деңгейінде: «Еуразия дауысы», «Ер жігіт», «Қыз Жібек» және «Сенім&сезім» байқаулары, дәстүрлі «ENUVISION» ән байқауы, т.б іс-шаралар өтеді.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 03.04.2020 / 16:03 ): www.enu.kz/studenttik-omir/glavnaya/index.php?print=Y