Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық

2012 жылдың 19 қарашасында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК ведомствоаралық қарым-қатынас аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Екіжақ тарапынан қарқынды түрде жұмыстар жүргізіліп келеді:

студенттік ортада медициналық көмектің барынша көрсетілуіне және медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға, ауруларды алдын алуға және дер кезінде емделуге мүмкіндік беретін студенттерге медициналық көмек көрсету жағдайларында емдеу-профилактикалық шаралары

Салауатты өмір салтын насихаттау: жағымсыз қылықтардан аулақ жүру, нашақорлық пен ішімдікті алдын алу, қауіпсіз сексуалды тәртіп, дені сау ана болу, спорттық басымдықтар және т.б.

Университет базасында студенттерге жасырын түрде ем алуда медициналық көмек кабинетімен Жастар орталығының ашылуы

Меморандум қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рухани және салауатты өмір салтын қалыптастыруды дағдыға айналдыру, олардың өз денсаулықтарын күту жағдайында жылсайынғы шақыру комиссияларынан өтуде ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етеді. Жұдырықтай жұмылдырылған ұжым арқылы ауруларды алдын алу, дені сау ұрпақты тәрбиелеу, халықтың саулығы, ел мен мемлекеттің жарқын болашағы алдымен дені сау ұрпақта болатыны сөзсіз.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 10.04.2020 / 18:15 ): www.enu.kz/studenttik-omir/medicinalyk-centr/sotrudnichestvo.php?print=Y