«Шабыт» шығармашылық бірлестігі

Студенттердің өмірі жастық шақтың дәурені, сонымен қоса алуан түрлі есте қаларлықтай қызықтарға тұнық болып келеді. Университетте жастардың шығармашылық әлеуетін жетілдіріп, олардың бойындағы дарын ұшқындарының байқалуларына қолдау көрсету үшін барлық жағдай жасалды. Оқу үдерісінен тыс жұмыстардың іске асуын әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі Департамент жанындағы «E-Studio» продюсерлік орталығы қадағалайды (Астана қ., Мирзоян көшесі, 2, ЕҰУ-інің бас корпусы, 100 кабинет, e-mail: dsgr@enu.kz). Егер де сізде оқудан тыс уақытты қалайша пайдалы өткізуге болатындығы жайында ұсынысыңыз болса, онда студенттер және жастар ұйымдарымен жұмыс бөліміне келіңіз.

Егер Сіз шығармашылық адамы болсаңыз және өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келсе, «E-Studio» продюсерлік орталығы Сізді күтеді. Продюсерлік орталығының жетекшісі және студияларды үйлестіруші университеттің әртүрлі шығармашылық ұжымдарына қатысам деушілерді сараптайды, яғни іріктеу сынын өткізеді.

Продюсерлік орталықтың негізгі мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашылық ұжымдарды сапалы, жаңаша етіп құру, музыкалық мұраны насихаттау, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың сапасын арттыру, өз елінің нағыз, шынайы патриоттарын тәрбиелеп шығару.

«E-Studio» продюсерлік орталығы - бұл:

· халық аспаптары арқасында фольклорды, яғни халқымыздың музыкалық мұрасын дамыту, танымал және жаңа шығармаларды орындау болып табылады;

· көңілді тапқырлар клубы;

· вокалдық өнер (жаңа әншілер топбын құру, олардың кәсіби шеберліктерінің өсулеріне қолдау көрсету);

· би (хореография) өнері (сахнаға халық билерін қою);

· ақындық өнерлері бар студенттерге қолдау көрсету;

· театр өнері (театралдық пьеса қойылымдары, әртістік өнерді зерттеп, үйрену);

· университетте жүргізушілер топтарының құрылуы, сценаристтер тобын құру.

Жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі қызықты көлемді мәдени іс-шаралар өтіп отырады, солардың бірегейлері дәстүрге айналды: «Студенттер қатарына қабылдау рәсімі», «Астана көктемі» - Наурыз мерекесіне арналаған, «ЕҰУ түлектерінің құрылтайы», «Қыз Жібек», «Ер Жігіт», «Күлтегін» декадасы, «ENUVision», «Еуразия дауысы» және т.б.

«E-Studio» продюсерлік орталығының мүшелері республикалық және халықаралық өнер байқаулары мен іс-шараларына қатысып жоғары бағаланған, олар:

· «Мир танца» халықаралық жоба, Испания, Коста Браво, 2014 жыл;

· «Univision» халықаралық музыкалық жоба, Әзірбайжан, Баку, 2013 жыл;

· Әуесқой жастар мен студенттер театры ұжымдарының Республикалық фестиваліне белсенді қатысқаны үшін, Павлодар қаласы, 2014 жыл;

· «Жасыбай толқыны-2013» дәстүрлі Республикалық қазақ КТК жазғы фестивалі, Павлодар қаласы, 2013 жыл;

· Х ұлттық жастар Дельфи ойындары, Орал қаласы, 2014 жыл.

· «Ұлы дала дауысы» атты қалалық домбырашылар байқауы, Астана қаласы, 2014 жыл.

«E-Studio» продюсерлік орталығы келесі бағыттар жұмыс жасауда:

Егер де Сіз өнерге бір табан жақын болсаңыз, «Шабытқа» қош келдіңіздер!



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 08.04.2020 / 10:29 ): www.enu.kz/studenttik-omir/shabyt/index.php?print=Y