ЕҰУ спортшыларының жетістіктері

Қыздар футбол командасы София қаласындағы (Болгария) Халықаралық турнирге қатысты, олардың ішінде, спорт шебері Әйтімова, бес спорт шеберлегіне кандидаттар Д. Кемешова, Н. Омарова, А. Муталиева, Сембаева, Л. Червенко бар. Қазіргі уақытта ҚР Чемпионатының атынан ЕҰУ-дің 6 спортшысы қатысуда.

Гір тасын көтеруден құрама команда қалалық жарыста ІІ жүлделі орынды иеленді. Олардың арасынан төрт спорт шеберлегіне кандидаттар бар: Е. Таукенов (ЭФ), А. Тұрсын (ФФ), Н. Шабетов (ФФ), А. Исатов (ФТФ).

Ұзақ циклден ҚР Чемпионатында І орынды Е. Дәукенов, А. Тұрсын иеленді. Классикалық стиль бойынша ІІ орынды жеңген Е. Дәукенов болса, І орынды А. Тұрсын ие болды. Ұзақ циклден Латвияның Талси қаласындағы (2012 жылдың 14-15 қарашасы) әлем Чемпионатында ІІ орынды А. Тұрсын иеленді.

Ташкент қаласындағы Үшінші әлемдік студенттік ойындар (2013 жылдың 13-16 сәуірі). ІІІ орынды – Тұрсын А., ІV орынды Дәукенов Е. иеленді. Өзбекстандағы ашық Чемпионатқа қатысып, І орынды екі спортшымыз жеңіп алды – Тұрсын А. мен Дәукенов Е.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың баскетболдан қыздар құрамасы ЖОО арасындағы студенттік спартакиададағы бағдарламада І орынға табан тіреді. Команда құрамында – Е.А. Доц, Н.Е. Попова, О.О. Иванова, Н.В. Маштакова, К.А. Богомазова, М.Е. Түткішова, Е.А. Кох 1 разряд, Р. Болдусова 1разряд, А.Е. Балаенкова -1 разряд.

Ерлер футбол командасы 2013 жылдың 7-15 мамыр аралығында Алматы қаласында өткізілген жарысқа қатысты. ЕҰУ-дің 18 спортшыларынан тұратын құрама командасы 16 ЖОО арасынан төртінші орынды иеленді.

Дене тәрбиесі мен спорт-12 тобының студенті П. Халезов 2012 жылдың қазан айында Босния мен Герцоговиня елінің Сараево қаласындағы U-19 іріктеу ойындарында ҚР құрама командасын атынан қатысты. Д. Прокопенко 2012 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург қаласында өткізілген ТМД елдерінің достастық Кубогы турнирінде ҚР құрама командасының атынан қатысты.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Чемпионаты атынан А. Коночкин , П. Халезов, А. Смагулов, Д. Прокопенко атты ойыншылар қатысуда, олардың барлығы да спорт шеберлігі кандидаттары қатарында. Одан басқа, студенттер мен қоғамдық ұйымдар, Астана қаласы атынан ұйымдастырылған түрлі жарыстарға да қатысты. 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенттері бастаған әуесқой футбол лигасы құрылды. Әлеуметтік ғылымдар факультеті мен Қазақстанның футбол Федерациясы арасында екіжақты келісімге қол қойылды. Біздің студенттер ҚР Президентінің Кубогына ұйымдастырылған жастар турнирінің ашылуы мен жабылуына екі рет катысты және ҚР құрамасының қатысуымен өткен матчты тегін тамашалады. Еуро-2014 «Қазақстан-Германия» іріктеу жарысында профессорлық-оқытуышылар құрамы, қызметкерлер мен студенттерге «Астана Арена» стадионына тегін барып, біздің сүйікті командамызға жанкүйер болу мүмкіндігі берілді.

2013 жылдың 5-10 мамыр аралығында Өскеменде 7-ші универсиада бағдарламасы аясында гандболдан (қыздар арасында) жарыс өткізілді. Жарысқа 6 университет атсалысты: ШҚМУ, Өскемен қ., ТГУ, Өскемен қ., МПУ, Семей қ., ПМУ, Павлодар қ., УМЯ, Алматы қ., ЕҰУ, Астана қ.. Орындар мына кезек бойынша берілді: 1 - ШҚМУ Өскемен қ., 2- ПМУ Павлодар қ., 3 - ЕҰУ, Астана қ.

ЕҰУ құрамасы атынан келесі студенттер қатысты: гандболдан спорт шебері Зайцева Мария ФКС-32, гандболдан спорт шеберлігіне кандидат Қабылова Әзиза – ФКС-12, гандболдан спорт шеберлігіне кандидат Бақбасова Сабира ФКС – 22, гандболдан спорт шеберлігіне кандидат Ергалиева Айнура – ФКС-22, регбиден спорт шеберлігіне кандидат Процюк Евгения – ФКС-22, футболдан спорт шеберлігіне кандидат Кемешова Дария –ДШС -31.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің шаңғы спорты бойынша құрама командасы өз жарыс кезеңін 2012 жылдың 27 желтоқсанында өткен жаңа жылдық бәйгесінен бастады. Осы жарыста команда қалалық спорт ұжымдары арасынан екінші орынды иеленді. Бұл жарыс ұйымдастырылған сәтте, оқу-жаттығу жиынына кету себебімен М.Ю. Старостин, Е.С. Тасболатов, Д.О. Адамович, Л.А. Мокоско, А.А. Смирнова сияқты көшбасшы шаңғышылар қатыса алмады.

22.01.2013 ж. уақытында профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері арасында шаңғы спортынан жарыс өткізілді. Сондай-ақ, құрама командамыз 2013 жылдың 2 ақпанында «Нұр Отан» ХДП Астана филиалының мүшелері арасында ұйымдастырылған жарысқа қатысты. Шаңғы жарысынан спорт шеберлігіне кандидат Д.О. Адамович 5 шақырым ара қашықтығы бойынша І жүлделі орынды иеленсе, А.О. Жаңабергенов ІІ орын алды.

20.02.2013 ж. шаңғы жарысы мен қысқы көпсайыс біріншілігіне ЖОО мен орта оқу орындары, Еуразия ұлттық университетінің құрама командасы да қатысты. Оның ішінде М.Ю Старостин МСМК, Тасболатов Е.С. 3- СШК Д.О. Адамович, А.А. Смирнова, Б.М. Дүйсенбаева болды. Жеке есепте ұлдар арасында Д.О. Адамович - І орын, Е.С. Тасболатов ІІ орын, А.Г. Герасименко ІІІ орын, ал қыздар арасында ДШС мамандығы бойынша 1 курс студенті А.А. Смирнова І орынды иеленсе, 2 курс студенті Л.А. Мокоско ІІ орын иегері атанды.

Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астанадағы ЖОО мен орта оқу орындары арасында екі бағытта (жарыс пен қысқы көпсайыс) ортақ команда бойынша бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар ЕҰУ 2013 жылдың бірінші наурызында қаладағы спорттық ұжымдардың арасында шаңғы спорты бойынша «Бұрқасын-2013» қалалық фестиваліне қатысты.

Волейболдан қыздар құрамасы қалалық жарыстарда бірінші орын алды. Олардың ішінде спорт шеберлігіне кандидаттар – А. Мизерная (ФСН), Т. Танченко (ЭФ).

Волейболдан ерлердің командасы қалалық жарыстардан бірінші орын иегері атанды.

2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың наурызына дейін әуесқой ойыншылар үшін лига өткізілді.

Үстел теннисі бойынша қалалық жарыста бірінші орын. МС-Ескендіров Т. ТЭФ, СШ Герасименко А., СШК Сәрсекпаева С., Қалабаева Н.

Жеңіл атлетика.

29.04.13 ж – ЖОО арасында студенттік спартакиада бағдарламасында жазғы көпсайыстан І орын.

Осы жарыстарда келесі секционниктер – Туткушбаев Руслан ФИТ-1к , Тусупханов Адилет—ТЭФ –2к. қатысты.

09.05.13 ж – ЖОО арасында студенттік спартакиада бағдарламасының аясында Жеңіс күніне арналған эстафета – І орын

Қаладағы жазғы көпсайысқа қатысу:

- Л.Н. Гумилевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған жеңілатлетикалық сайыс өткізілді – 2013 жылдың 1 қазаны;

- ЖОО арасында студенттік спартакиада бағдарламасының жазғы көпсайысына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің құрама командасының қатысуы – 2013 жылдың 29 сәуірі;

- Жеңіс күніне арнайы өткізілген жеңілатлетикалық жарысқа қатысу – 2013 жылдың 9 мамыры.

Секцияларға қатысатын барлық факультеттердің 1-4 курс аралығындағы 20 студенті. Тізім тіркеледі.

Қалаға қатысуы, орын:

29.04.13ж - ЖОО арасында студенттік спартакиада бағдарламасының жазғы көпсайысы – І орын; (есеп қоса жіберіледі).

Аталған жарыстарға келесі секционистер – Сайранов Азамат (ЭФ-2к), Хабибуллин Руслан (ММФ-2к) қатысты.

09.05.13ж - Жеңіс күніне арнайы өткізілген жеңілатлетикалық жарыс – І орын (есеп қоса жіберіледі).

Регбиден ҚР Универсиадасына қатысу – 2013 жылдың 3-11 мамыр аралығы.

Секцияларға қатысатын адам саны: барлық факультеттердің 1-4 курс аралығындағы 16 студенті. Тізім қоса жіберіледі.

ҚР Универсиадасына қатысу:

- 2013 жылдың 3-11 мамыр аралығы – ҚР Универсиада бағдарламасы аясында регбиден ерлер арасындағы жарыс – ІІ орын.

- Тоғызқұмалақтан ҚР Универсиадасына қатысу – ІІ жүлделі орын.

- Тоғызқұмалақтан ҚР Универсиадасына қатысу – ІІ орын.

- Баскетболдан «Салауатты өмір салты» акциясына Астананың ЖОО арасындағы сайысқа қатысу – 2013 жылдың қазан айы.

- ЕҰУ-нің құрама командасының баскетболдан ЖОО арасында студенттік спартакиада бағдарламасына қатысу – 2013 жылдың сәуір айы.

- Баскетболдан ҚР Универсиадасына қатысу – 2013 жылдың 25-31 мамыр аралығы.

Секцияларға қатысатын адам саны – барлық факультеттердің 1-4 курс аралығындағы 15 студенті. Тізім қоса жіберіледі.

Қалада қатысуы, орын:

04.13 ж – баскетболдан ұлдар арасында ЖОО-ның студенттік спартакиада бағдарламасына қатысу – І орын.

Баскетболдан ерлер командасы ХСБЛ-ға кірді (14 спортшы), ҚР Жоғарғы Лига Чемпионатына қатысады.

Баскетболдан әйелдер командасы Ұлттық Лигада ойнайды (14 спортшы).

12 спортшыдан құралған волейбол құрама командасы Астана қаласының Чемпионатында ойнайды.

16 спортшыдан құралған футбол құрамасы Астана қаласының Чемпионатында ойнайды.



Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 08.04.2020 / 13:00 ): www.enu.kz/studenttik-omir/sport-club/dostizhenia-sportsmenov/index.php?print=Y