news-12

2019 жылдың 14-15 қазанында CACTLE ЕҰУ кәсіпкерлік орталығының басшысы, Creative Spark бағдарламасы Creotalents жобасының жетекшісі Армияш Нурмагамбетова Каунас қаласында (Литва Республикасы) «QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» жаһандық саммитіне қатысты.

QS in conversation – бұл жоғары білім берудегі маңызды заманауи мәселелерге назар аударатын халықаралық саммит. Саммитке АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Эстония, Литва, Түркия және тағы басқа елдерден 150-ге жуық өкіл қатысты. Екі күн бойы 30-дан астам спикер әлем елдерінің қатысушылары үшін бес түрлі секциялық отырыстарда сөз сөйледі.

Саммиттің бірінші күні Creative Spark жобасының жетекшісі Армияш Нурмагамбетова «Болашақ мансапқа арналған дағдылар: кәсіпкерліктегі креативтіліктің рөлі» атты сессияда сөз сөйледі. Баяндама университеттегі кәсіпкерлік білім беру арқылы шығармашылық және іскерлік дағдыларды дамыту тақырыбына арналды («Development of Creative and Business Skills Through Entrepreneurial Education at the University»). Спикер өз сөзінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында кәсіпкерлік білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Ол студенттер, болашақ шығармашылық сала мамандары үшін кәсіпкерлік саласында бизнес дағдылар мен білімді үйретудің бірегей мүмкіндігі туралы атап өтті. Жоба командасы құрған оқу платформасындағы курстар студенттерге ғана емес, барлық ниет білдірушілер, креативті салада жұмыс істейтін жас кәсіпкерлерге және т.б. қолжетімді болып келеді.




Copyright © www.enu.kz 2012. Все права сохранены.

Исходный URL (загружено - 26.05.2020 / 14:42 ): www.enu.kz/yntymaktastyk/creotalents/zhoba-zha-aly-tary/news-12.php?print=Y