«Мевлана» академиялық алмасу бағдарламасы ЕҰУ мен Түрік серіктес университеттер* арасында студенттер және оқытушылармен алмасуды көздейді және Түрік жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландыруда негізделген.
Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу талаптары
Білім алушыларға:
• Айлық стипендия 1200 түрік лирасы;
• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
• Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);
• GPA: BA 2.5-тен кем емес; MA, PhD - 3.00-ден кем емес;
Оқытушыларға:
• Күніне 40-50 түрік лирасы;
• 3000-ға жуық түрік лира мөлшерінде жол шығындарды өтеу;
• Мевлана алмасу бағдарламасына алғаш рет қатысу;
• Ағылшын немесе түрік тілдерін жақсы меңгеру (университет сертификат талап етуі мүмкін);
• Резюме, жарияланымдар тізімі, дәріс/семинар жоспары;
• Оқытушы аптасына кемінде 6 сағат дәріс оқуы керек;
Барлық құжаттар Mevlana_Surname_student / teacher атауымен 1 PDF форматында mevlana.enu@gmail.com электронды поштасына жіберілуі керек (құжаттардың түпнұсқасы Халықаралық білім беру бағдарламалар бөліміне тапсырылуы қажет, 407 каб., бас ғимарат).
Дұрыс толтырылмаған және қол қойылмаған анкета қабылданбайды.
* Әрбір университеттің өзінің жеке формасы бар (Platonus-та жарияланған хабарландыру)
Мевлана бағдарламасының шарттары
- Студент кафедра эдвайзері немесе факультеттің халықаралық ынтымақтастық координаторының көмегімен университетті таңдау және хаттаманың толтырумен (learning protocol) айналысады.
* Егер әріптес-университеттің сайтында пәндер тізімі болмаса, онда қабылдаушы университетте (факультет) Мевлан бағдарламасының координаторынан сұрастыру қажет.
- Өтініш беруші жатақхананы іздеумен өзі айналысады, бағдарлама немесе университет тұрғын үйге кепілдік бере алмайды. Кей жағдайда Түркия координаторы жатақханада тұру бойынша орын болған жағдайда кеңес бере алады.
- Студенттер мен оқытушылар Түркияда бір айдан астам уақыт тұру үшін виза немесе тұруға рұқсат алу керек.
- Студенттер мен оқытушылар Түркияда халықаралық сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін жасату керек. Университет немесе бағдарлама сақтандыруды қамтамасыз етпейді. Сақтандыру Түркияда тұру үшін міндетті түрде қажет.
* Өтініштерді қабылдау туралы барлық хабарландырулар ақпан-наурыз айларында Платонус жүйесінде жарияланады.
Серіктес университеттер*
1. Akdeniz University http://www.akdeniz.edu.tr/ 2. Ankara Haci Bayram Veli University https://ahbv.edu.tr/ |
3. Bandirma Onyedi Eylul University https://www.bandirma.edu.tr/ 4. Bayburt University www.bayburt.edu.tr |
5. Bogazici University www.boun.edu.tr |
6. Çankırı Karatekin University http://karatekin.edu.tr/ |
7. Dokuz Eylul University http://www.deu.edu.tr/ 8. Ege University https://ege.edu.tr/ |
9. Eskişehir Osmangazi University https://ogu.edu.tr/ |
10. Hacettepe University http://www.hacettepe.edu.tr/ |
11. Istanbul University http://www.istanbul.edu.tr/ 12. Istanbul Medipol University www.medipol.edu.tr/ |
13. Kastamonu University https://www.kastamonu.edu.tr/index.php/tr |
14. Kocaeli University http://www.kocaeli.edu.tr/ 15. Mugla Sitki Koçman University http://mu.edu.tr/tr |
16. Nigde Omer Halisdemir University ohu.edu.tr 17. Pamukkale University pamukkale.edu.tr |
18. Suleyman Demirel University http://w3.sdu.edu.tr/ 19. Van Yüzüncü Yıl University https://www.yyu.edu.tr/ |