
Добрый день! Для сдачи творческого экзамена необходимо лично подать документы в приёмную комиссию университета. Даже если вы сдавали полное ЕНТ по 5 предметам, вы имеете право сдавать творческий экзамен. Однако суммарный балл по двум предметам — История Казахстана и Грамотность чтения — не должен быть ниже проходного балла, установленного университетом. При подаче заявления на творческий экзамен вы можете сразу предоставить полный пакет документов.
Қайырлы күн! Шығармашылық емтихандарға құжат қабылдау 20 маусым-7шілде аралығында жүргізіледі. Емтихан 8-15 шілде аралығында өтеді. Емтихан кестесі маусым айында ресми сайтта жарияланатын болады.
Шығармашылық емтиханға арналған құжаттар тізімі:
1) университет басшысының атына өтініш (қабылдау комиссиясы тарапынан беріледі);
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) (шетел азаматтары үшін-білім туралы құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (талапкердің/заңды өкілдерінің);
4) туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін)
5) 3x4 көлемдегі цифрлық фото;
6) ҰБТ сертификаты;
7) басым құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
8) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды ұсынады.
9) 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (төлнұсқа);
10) флюорография (көшірмесі);
11) егу паспортының 063-нысаны (көшірмесі);
12) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады (бар болған жағдайда);
13) "Дело" картонды байланыстырғыш - 1 дана;
14) 3 дана файл.
15) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) (талапкер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің)
Ескерту:
3,4,7,8,9,10,11,12 тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады.
Өтініш берген кезде талапкер 18 жасқа толмаған болса, онда өтінішті оның заңды өкілдері береді.
«Platonus» ААЖ тіркеу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері pdf форматында қажет.
Қайырлы күн! Біздің университетте шетел азаматтарына арналған Күлтегін және Гумилев атты екі грант қарастырылған. 2022 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Күлтегін» және «Гумилев» стипендияларын өз қаражаты есебінен бөледі. Осы беделді марапаттың иегерлері тегін оқу, жатақханада тегін тұру және ай сайынғы стипендия алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл грант конкурсына оқуға түскеннен кейін қатыса аласыз. Толығырақ халықаралық ынтымақтастық департаментінен сұрап білсеңіз болады: 87172709500 ішкі номер: 31-431. Почта: admission.enu@enu.kz / international.office@enu.kz
Қайырлы күн! Портфолио болуы маңызды емес
Қайырлы күн!
Сіз Platonus ААЖ арқылы ЦОО модулінде қажет анықтама/транскрипт түрін таңдап онлайн режимде өтінім бересіз. Осы модул ішінде анықтамаға/транскриптке Орындалды статусы берілген кезде Тіркеу офисінен құжаттың түпнұсқасын ала аласыз.
Құрметпен Тіркеу Офисінің жетекшісі - Айман Қыдырбаева
Добрый день. В настоящее время в вузе ведется работа по актуализации Правил перевода из других вузов. Уточняйте в начале летнего семестра.
Здравствуйте! Если у вас возникли вопросы о поступлении в Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва, вы можете позвонить по следующим номерам. 87084252657, 87084252659
Добрый день Амина Туратаева! В соответствии с академическим календарем, утвержденным ученым советом университета, на 2 семестр 2025-2026 учебного года составляется график экзаменов с 4 по 30 мая.
Добрый день!
Иностранные граждане зачисляются на платной основе по результатам собеседования.
Прием документов – с 15 июня по 25 июля
Проведение онлайн-собеседования – c 14 по 26 июля
Подробнее о поступлении для иностранных граждан: https://enu.kz/ru/page/applicants/for-foreign-citizens
Также вы можете рассмотреть поступление по Стипендиальной программе для иностранных граждан: https://studyin.kz/admission
Қайырлы күн! Осы хатқа байланысты қазан айында магистрантпен жеке әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында өзара түсіністікке қол жеткізіліп, алдағы уақытта оқуын тіл мәселесіне арнайы мән бермей, жалпы білім алу үдерісі аясында жалғастыру жөнінде келісім жасалды.
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің директоры
Куантаев Нуржан Куантайұлы
