
Әскери қызметтен өткен талапкерлердің назарына!

24 шілде мен 4 тамыз аралығында ЕҰУ қабылдау комиссиясында күндізгі бөлімде оқуға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әңгімелесу нәтижелері бойынша ҰБТ тапсырусыз түсе алады. Әңгімелесу бекітілген кестеге сәйкес 5-10 тамыз аралығында өтеді. Іріктеу қағидаларымен сіз ЕҰУ сайтында таныса аласыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) университет басшысының атына өтініш (қабылдау комиссиясы береді);
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) талапкердің (заңды өкілдердің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) әскери билеттің көшірмесі;
5) Қорғаныс министрлігі берген ұсыным (бар болса);
6) 3x4 өлшемді сандық фотосурет;
7) 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (түпнұсқа);
8) егілу картасы 063
9) флюорография (көшірме);
10) 1 дана тезтікпе (қағаз);
11) 4 дана файл;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ).
Ескерту:
3, 4, 8 - тармақшаларда санамаланған құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады.
* Тіркелу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (pdf) қажет.
Байланыс деректері:
Анықтама телефоны 8 (7172) 709450.
ЕҰУ қабылдау комиссиясының мекенжайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13а, №6 оқу корпусы, сәулет-құрылыс факультеті (АСФ).
