
Неге ЕҰУ?
- Қазақстанның астанасында орналасқан
- Әлемдегі ең үздік 300 университтердің қатарына кіреді
- Еуропалық Одақтағы өкілдік
- Әлеуметтік орта және белсенді студенттік өмір
- Жоғары сапалы білім және күшті ПОҚ
- 460-тан астам шетелдік серіктес университеттер
- Шетелде оқу мүмкіндігі
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілді. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:
1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;
3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.
