+7 (7172) 709500 (32334)
+7 (7172) 709500 (32335)


2017 жылдан бастап университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде Foundation бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады. Тыңдаушыларды оқыту жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерін жетілдіруге және тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге даярлауды қамтамасыз етеді.
Осы жылдар аралығында бөлім әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдаушылар үшін білім беру алаңына айналды. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Түркия, Моңғолия, Қытай, Франция, Египет, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Индонезия, Ауғанстан, Нигерия және басқа да елдердің азаматтары білім алды.
Мақсаты – университеттің дайындық бөлімі ретінде тыңдаушыларды қабылдау мен оқытуды, сонымен қатар олардың Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін академиялық бейімделуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) Қабылдау мен конкурстық іріктеуді ашық түрде ұйымдастыру арқылы тыңдаушылар контингентін қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының академиялық деңгейін арттыруға және шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтардың тілдік (қазақ және орыс тілдері) құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) түсу үшін қажетті пәндер бойынша білім беру процесін ұйымдастыру;
3) Шетелдіктердің Қазақстанның білім беру және қоғамдық ортасына әлеуметтік-мәдени тұрғыдан бейімделуіне қажетті жағдай жасау.
|
ТАӘ |
Қызметі |
Байланыс ақпараты |
|
Аманова Асель Сериковна |
Бөлім басшысы, |
Астана қ., Қажымұқан көшесі 13, СҚФ ғимараты, 212 каб. |
|
Калиева Самал Ерболовна |
Бөлім әдіскері, |
Астана қ., Қажымұқан көшесі 13, СҚФ ғимараты, 212 каб. |
|
Мауленова Балжан Турехановна |
Бөлім әдіскері |
Астана қ., Қажымұқан көшесі 13, СҚФ ғимараты, 212 каб. |
|
Шукеманова Айгуль Маратовна |
Бөлім әдіскері |
Астана қ., Қажымұқан көшесі 13, СҚФ ғимараты, 212 каб. |
Бөлімнің оқу-әдістемелік қызметі білім беру процесінің сапасын арттыруға, тыңдаушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге даярлауға, сондай-ақ олардың академиялық және тілдік бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
1.Білім беру бағдарламаларының мазмұны және саралануы
Білім беру процесі тыңдаушылар санаттары мен олардың таңдаған бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады:
2. Жазбаша және ауызша сөйлеу сауаттылығын дамыту
Әдістемелік жұмыс аясында шетелдіктерге, оның ішінде этникалық қазақтарға арналған практикалық қазақ тілі курсына ерекше назар аударылады. Аталған курс орфография мен графика ережелерін қарқынды меңгеруге бағытталған, бұл тыңдаушылардың күнделікті әлеуметтік-мәдени және кәсіби-ресми қарым-қатынас салаларында тілді жүйелі түрде жазбаша меңгерудің тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
2025-2026 оқу жылындағы маңызды оқиғалардың бірі университет оқытушылары А.М. Әділбек пен А.К. Мағзұмбекованың дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Оқу сауаттылығы» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
Аталған құрал тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық дағдыларын дамытуға және жоғары мектепте оқуға табысты бейімделуіне бағытталған.
3. Кадрлық әлеует және оқытушылар құрамы
Оқу-әдістемелік процестің сапасы жоғары білікті ғылыми педагогикалық құрамды тарту арқылы қамтамасыз етіледі. Оқу процесіне университеттің жетекші оқытушылары, сонымен қатар Астана қаласындағы мамандандырылған білім беру ұйымдарының, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), «BINOM» және «Зерде» мектептерінің тәжірибелі педагог-сарапшылары тартылады. Барлық оқытушылар бейіндік емтихандары мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындап жүрген көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздар. Білім сапасын бақылау, оқытушылардың өзара сабаққа қатысуын ұйымдастыру және педагогикалық тәжірибе алмасу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Бөлім қызметінің басым бағыттарының бірі – шетелдік тыңдаушылар мен этникалық қазақтардың Қазақстандағы оқу және тұру жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ету.
Жыл сайын қазан-қараша айлары аралығында кешенді бейімдеу бағдарламасы аясында университеттің құрылымдық бөлімшелері, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Ғылыми кітапхана, спорт клубы және Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаменті өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Тыңдаушылар оқу қағидалары, академиялық адалдық, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы, визалық сүйемелдеу, медициналық сақтандыру, жатақханаларда тұру тәртібі және университеттің қоғамдық өміріне қатысу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алады.
Білім алушыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. Психологиялық қолдау көрсету орталығының мамандарымен бірлесіп, жаңа ортаға бейімделу, мәдениетаралық өзара іс-қимылды дамыту және білім беру ортасындағы мінез-құлық мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі.
Жыл бойы тыңдаушылар мәдени-танымдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Мұражайларға экскурсиялар, театрларға бару, тақырыптық кездесулер, дөңгелек үстелдер, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Наурыз мерекесіне, Қазақстан халқының бірлігі күніне және басқа да атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізіледі.
Құқықтық сауаттылық, интернет қауіпсіздігі, экстремизм, тәуелділіктердің және өзге де деструктивті құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша да профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Жүргізіліп отырған жұмыстар тыңдаушылардың университеттің білім беру кеңістігіне табысты бейімделуіне, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға және Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлім шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тұрақты ынтымақтастық орнатқан. Бөлімнің негізгі серіктестері – «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.
«Отандастар қоры» ұйымымен бірлесіп, шетелдік жастар арасында этникалық қазақтарды Қазақстанда білім алуға тартуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға арналған мотивациялық кездесулер, мәдени-ағартушылық шаралар және бейімдеу жобалары ұйымдастырылды.
Рамазан айында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Отандастар қоры» және серіктес ұйымдардың қолдауымен тыңдаушыларға арналған рухани-танымдық және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесі мен Ораза айын атап өту барысында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және шетелден келген жастар арасында бірлік пен ынтымақтастық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған кездесулер өткізілді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және «Отандастар қорының» өкілдері іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, бейімделу, ұлттық бірегейлікті сақтау және шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына байланысын нығайту бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.
Оқуға қабылдау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады:
* Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) негізінде оқу алғаш рет жүзеге асырылса, тегін оқу мүмкіндігі беріледі.
** Ақылы негізде оқыту да конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Төлем тәртібі білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт талаптарымен айқындалады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқуға қабылданған тыңдаушыларға оқу кезеңінде стипендия тағайындалады.
5 тамыз - 5 қыркүйек аралығы
Офлайн: Қабылдау комиссиясы құжаттарды қағаз нұсқада Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13 мекенжайы бойынша қабылдайды.
Онлайн: құжаттардың электрондық көшірмелері enupodkurs2020@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады*.
* Барлық құжаттар тек PDF форматында ұсынылуы тиіс. Әрбір құжатты жеке файлда сақтап, тегі, аты және құжат атауы көрсетілуі тиіс, мысалы: Ахметов Арман_паспорт.pdf, Ахметов Арман_аттестат.pdf және т.б. Барлық құжаттар бір электрондық хат арқылы жіберілуі тиіс. Басқа форматтарда (JPG, PNG, HEIC, DOC және т.б.) ұсынылған құжаттар қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары
Шетелдіктер және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар
*Құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
**Құжат Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын конвенцияға (1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясы) қатысушы мемлекетте берілген болса, оған апостиль қойылуы тиіс. Мысалы, Қытай Халық Республикасында берілген білім туралы құжаттар апостильмен ұсынылады.
Құжат Конвенцияға қосылмаған мемлекетте берілген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзара тану қарастырылмаған жағдайда, ол консулдық заңдастырудан өтуге тиіс;
Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Моңғолияда және Қазақстан Республикасы құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттар жасасқан өзге де бірқатар мемлекеттерде берілген білім туралы құжаттар апостильсіз және консулдық заңдастырусыз қабылданады.
10-15 қыркүйек аралығы
Конкурстық іріктеуді өткізу формасы - әңгімелесу
* Бұл талап мүгедектігі бар және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қолданылмайды. Көмекші қажет болған жағдайда Комиссияға алдын ала хабарлап, растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Үміткер келесі жағдайда әңгімелесуден шеттетіледі немесе оған жіберілмейді:
Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық 25-28 қыркүйек аралығында шығады
Әңгімелесу нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша тыңдаушылар құрамына қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тыңдаушыларды қабылдау туралы шешім түсушілердің назарына 25 қыркүйекке дейін хабарланады.
Тыңдаушыларды ақылы негізде қабылдау келесі талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады:
Оқу ақысы жылына 700 000 теңгені құрайды.
1 қазан-30 маусым (9 ай)
Оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін (29 қыркүйектен бастап) Студенттер үйіне (жатақханаға) орналасуға рұқсат беріледі.
+7 (7172) 709500 (32334)
+7 (7172) 709500 (32335)