2024 жылғы 28 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің шешімімен (№04/24 Хаттама) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті КеАҚ-ның тұрақты даму саласындағы саясаты бекітілді. Құжат қазіргі ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) талаптары мен қағидаттарын ескере отырып әзірленді және университеттің тұрақты болашақты қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.
Саясаттың негізіне алынған қағидаттар:
Экологиялық жауапкершілік
Әлеуметтік нәтижелілік
Экономикалық тиімділік
Университет қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық таза, энергия мен суды үнемдейтін технологияларды енгізуге, жоғары әлеуметтік стандарттарды ұстануға және тұрақты экономикалық өсімге жағдай жасауға міндеттеме алады.
Іске асыру құралдары
Саясатты іске асыру үшін келесі негізгі құжаттар әзірленді:
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ тұрақты даму саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары — ESG мақсаттарына жетуге арналған нақты қадамдарды қамтиды;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ мүдделі тараптардың Картасы — тұрақты даму процесінде ескерілетін барлық мүдделі топтарды анықтайды;
Тұрақты даму орталығының рөлі мен қызметінің негізгі бағыттары
Тұрақты даму орталығы — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тұрақты даму және ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық) қағидаттарын білім беру, ғылыми-зерттеу, әкімшілік және операциялық қызметке жүйелі түрде интеграциялауды қамтамасыз ететін үйлестіруші құрылымдық бөлімшесі.
Орталықтың негізгі мақсаты — университеттің тұрақты даму саласындағы қызметін үйлестіру және дамыту, ESG күн тәртібін басқару тетіктерін жетілдіру, стратегиялық бастамалардың іске асырылуын мониторингтеу, сондай-ақ университет қызметінің нәтижелерін бағалау және халықаралық әрі ұлттық тұрақты даму рейтингтеріне қатысу үшін деректерді жинау, верификациялау және талдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.
Орталықтың миссиясы — экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық қағидаттарды университет қызметінің барлық бағыттарына интеграциялау, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, серіктестікті дамыту және қоршаған орта мен қоғам алдындағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру арқылы университеттің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына ықпал ету.
Орталықтың қызметі 2024–2026 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар жоспарымен ғана шектелмейді. Ол тұрақты даму бағытын үздіксіз жетілдіруді, жаңа жобалар мен бастамаларды іске қосуды, ішкі басқару тетіктерін дамытуды, халықаралық үрдістерді, ұлттық басымдықтарды және университеттің стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, ESG саласындағы заманауи тәжірибелер мен құралдарды енгізуді қамтиды.
Қызметтің негізгі бағыттары
Стратегиялық даму және тұрақты дамуды үйлестіру: университеттің тұрақты даму саласындағы саясатын іске асыруды үйлестіру, қолданыстағы жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуын мониторингтеу, қол жеткізілген нәтижелерді талдау, тұрақты даму жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, жаңа жобаларға бастамашылық ету және перспективалық қызмет бағыттарын қалыптастыру.
ESG-талдау және есептілік: тұрақты даму саласындағы деректерді жинау, жүйелеу, верификациялау және талдау, есептілік пен аналитикалық материалдарды дайындау, QS Sustainability, THE Impact Rankings және UI GreenMetric сияқты халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысуды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеу: тұрақты даму және экологиялық менеджмент саласындағы ішкі саясаттарды, бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, әдістемелік ұсынымдарды және басқа да құжаттарды әзірлеу, өзектендіру және жетілдіру.
Экологиялық тұрақтылық: табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия үнемдеу, парниктік газдар шығарындыларын қысқарту, қалдықтарды бөлек жинау және қайта пайдалану, ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу, жасыл инфрақұрылымды дамыту және ISO 14001 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін сүйемелдеу жөніндегі бастамаларды үйлестіру.
Әлеуметтік тұрақтылық: инклюзивті, қолжетімді және қауіпсіз университеттік ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, білім алушылар мен қызметкерлердің әл-ауқатын қолдауға, сондай-ақ тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ілгерілетуге ықпал ету.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын интеграциялау: Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) білім беру бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу қызметіне, студенттік жобаларға және жалпыуниверситеттік бастамаларға енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы ақпараттық-ағартушылық қызметті дамыту.
Жобаларды үйлестіру және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл: тұрақты даму және ESG мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің, факультеттер мен институттардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру, жалпыуниверситеттік жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, бизнес өкілдерімен және қоғамдық бірлестіктермен серіктестікті дамыту.
Цифрландыру және деректерді басқару: тұрақты даму көрсеткіштерін мониторингтеуге арналған цифрлық құралдарды дамыту, ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау процестерін жетілдіру, ESG деректерінің дұрыстығын, салыстырмалылығын және ашықтығын қамтамасыз ету.
Халықаралық ынтымақтастық және серіктестікті дамыту: халықаралық озық тәжірибені зерделеу және енгізу, бейінді бастамалар мен жобаларға қатысу, тұрақты даму, экология және ESG салаларында жұмыс істейтін ұйымдармен және мекемелермен ынтымақтастықты дамыту.
Коммуникациялар және тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру: университеттің ESG күн тәртібін ақпараттық сүйемелдеу, іске асырылып жатқан бастамалар мен қол жеткізілген нәтижелерді жариялау, тренингтер, сараптамалық талқылаулар мен ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, білім алушылар мен қызметкерлер арасында озық тәжірибелерді тарату.
Орталықтың қызметі университетте тұрақты дамуды басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, ESG деректерінің ашықтығы мен сапасын арттыруға, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және тұрақты даму қағидаттарын ЕҰУ қызметінің барлық бағыттарына жүйелі түрде енгізуге бағытталған. Орталық мониторинг пен есептілікті үйлестіруші ғана емес, сонымен қатар университеттің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа шешімдердің, жобалар мен тетіктердің бастамашысы ретінде әрекет етеді.




















