ЕҰУ түлектеріне-мемлекеттік білім беру грантын міндетті түрде жұмыспен өтеу туралы
Еуразия ұлттық университетінде онлайн форматта MS Teams платформасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларын (PhD) міндетті түрде жұмыспен өтеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Карьера және бизнес- әріптестік бөлімінің мамандары мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың бітіру курстарының (бакалавр,магистратура,докторантура,) студенттері арасында пысықтау рәсімі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде «Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларын (PhD) міндетті өтеу» тақырыбында «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызымен ақпараттық-түсіндіру мақсатында ауқымды, жан жақты мәліметтермен презентация жасап өтті, болашақ мамандарға білім беру грантын өтеу мәселесі бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы ескертті.
Қаржы орталығының қызметкері болашақ мамандарға «Білім туралы» ҚР Заңының нормалары мен жас мамандарды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған ҚР азаматтарының жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату ережелерін түсіндірді, Ережеге енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
2024 жылғы түлектер зейнетақы жарналарын тексеру туралы «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіне хабарлама немесе 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алған жағдайда іс-қимыл мәселесі бойынша түсініктеме алды.
Сондай - ақ кездесуге Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар алғашқы жұмыс орны туралы, жастар практикасы және бірінші жұмыс орындары туралы, ұрпақтар келісімшарты туралы, дұрыс сұхпаттасудың маңызын, тәлімгер алудың жолдары туралы маңызды презентациясын ұсынды.
Карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің мамандары мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған жас мамандардың міндеттері туралы хабардар етті.